Полиция қызметкері өз енесінің қолын сындырды. ОҚО ІІД ӨҚБ-на Мақтарал ауданы, Ынтымақ ауылынан Байташова деген азаматша арызданған. Ол өз арызында күйеубаласы қолын сындырып, орташа дәрежеде денсаулығына нұқсан келтіргенін айтады.
Бүгінде «сызылып» тұрған күйеулер кемде-кем. Әсіресе, ене мен күйеубала арасындағы қырғыи-қабақ қатынас көбінесе өкінішпен аяқталып жатады. Арызды тексеру нәтижесінде мына жайт анықталды. ОҚО ІІД ППП-нің полиция сержанты Б.М. мас халде бұрыннан бас араздығы бар қайын енесімен сөзге келіп, сол қолының алақанын қайырғаны салдарынан қолын сындырып жіберген.
Байташованың денсаулығына орта дәрежедегі зиян келгенін сот-медициналық сараптамасы жоққа шығарған жоқ. Қазіргі кезде енесіне есесін жібермеген күйеубаланың үстінен ҚР ҚК-нің 104 бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып,тергеу амалдары жүргізілуде.