Топан судан зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында 5-наурызда «Азаматтық Альянс» қоғамдық бірлестігі мен облыстық кәсіподақ кеңесі өңірдегі белсенділердің басын қосты. Жиында жерлестерімізге үндеу жария етілді. Қайрымдылық іс шарасын үйлестіру үшін арнайы комиссия құрылып, арнайы есеп-шот та ашылды.
Жомарт жанды азаматтар бұл игі бастамадан тыс қалмайды деген ниетпен үндеудің толық мәтінін жария етіп отырмыз.
ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮНДЕУ
Құрметті қауым! Қадірлі отандастар!
Биыл қысы қатаң бола бермейтін Оңтүстікте қар қалың түсіп, аязды күндер аз болған жоқ. Соның салдарынан облысымыздағы өзен-көлдер бетінде қатқан мұздар жылдағыдан екі-үш есеге қалыңдау болды. Алайда, ақпан айында жауын-шашын мөлшерінің шамадан тыс болуы мен күннің күрт жылынуы тоңдардың жібіп, қарлардың тез еруіне әкеліп соқты. Облысымыздың 72 елдімекендері қиыншылық жағдай жерлестерімізді әлі де әбігерге салуда.
Дегенмен, бұл жағдай Елбасы назарынан тыс қалған жоқ. Мемлекет, сондай -ақ облыс тарапынан арнайы комиссия құрылды, бюджеттен қаржы бөлініп, зардап шеккен отбасыларын басқа жайларға көшіру, су тасқынының залалдарын қалпына келтіру, каналдарды, арық-атыздарды тазарту, қиын-қыстау жағдайға ұшырағандарға нақтылай көмек көрсету жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Төтенше жағдайларға байланысты аудан-қалаларда арнайы штабтар құрылып, 10142 адам мен мыңнан астам техника жұмылдырылды.
Апаттан зардап шеккен жерлестерімізге Астана мен көрші өңірлерден де мамандар келіп, көмектесіп жатыр.
Отандастарымыздың басына туған жағдай облысымыздың кез келген азаматын бей-жай қалдырмайды деп есептейміз. Ендеше,біздің елдігімізді, азаматтығызымызды танытатын кез туып тұр, ағайын.
Елі мен жерін жауға да, дауға да бермеген жұрттың жұмыла көтерген жүгі әрқашан жеңіл болған. Елде болса еніге тиетінін ескерген ұлттың ұрпақтары ел басына күн туған заманда да қабырғасы қайыспай ауыртпалықты бірге көтеріп, бөлісіп, жеңе білген. Бүгінгі ахуал соның бірі ғана. Яғни, жерлестерімізге ата жолын арджақтап, тағы да жаңғыртатын кез келіп тұр.
Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, әрекет еткен елде береке орнайды. Болар елдің балалары болашақты болжайды. Бұл бізге бабалардан қалған тағылым, өнегелі тірбие. Сондықтан кім көмек береді деп күтпей, еңсемізді биік ұстап, өзіміз де өнегелі іске беттеуіміз қажет.
ҚАДІРМЕНДІ ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ !
Көмекке мұқтаж отандасқа қол ұшын созу- азаматтық парыз. Сондықтан қолымыздан келгенше жерлестерімізді желеп-жебеу мақсатында барлық оңтүстікқазақстандықтарды табиғи апаттан зардап шеккендерге материалдық және моральдік көмек қолын созуға шақырамыз.
Осы мақсатта ОҚО «Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы бірлестігі және облыстық кәсіподақтар кеңесі су тасқынынан зардап шеккендерге көмек беру мақсатында арнайы ашылған төмендегідей есеп-шотқа қайырымдылық қаржыларыңызды аударуларыңызды сұраймыз.
Оңтсүтік Қазаұстан облысында су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету есеп-шотының реквизиттері:
ОҚО «Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы бірлестігі, Шымкент қаласы,25
РНН 582100252081
БИН 051040005814
ИИК KZ 369260801135773001
ШФ АО «Казкоммерцбанк» БИК KZKOKZKX Kбе 18
КПН 119
ОҚО Азаматтық Альянсы заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы бірлестігі
Облыстық кәсіподақтар кеңесі
Анықтама үшін байланыс телефондарын ұсынамыз 21-07-30, 30-01-52