Шымкенттік жүргiзушiлер жанармай құятын орындардағы баға көрсеткiштерiндегі үш мәндi сандарға дағдылана бастағаны осы еді, енді тағы бір жаңа көрсеткіштерге көз үйретулеруне тура келеді. Мамандардың пайымдауынша сұйық отынның құны сәуiрде қайта жоғарылайды екен. Келесі айда Ресейде бiздiң нарықтағы жанармайға акциздер қымбаттайды.
Қайыпбек Қамбаров, «Жанар жағармай» ассоциациясының төрағасы: «Бiз Ресейге аздап бағынышты болғанымызбен, өзіміздің экономикамыз бар. Мұнайды министрлiк дұрыстайды. Дегенмен көтерме және бөлшек бағаны реттеу керек деп ойлаймын. Қазір бізде министрлік пен облыс басшыларының жан-жақты дайындалған арнайы жоспары мен сызбасы бар. Онда аудандардағы бекеттерге қанша және қалай жанармай таратудың жолдары қарастырылған».
Қазақстанда шығарылатын жанармай республиканың барлық өңіріне жеткіліксіз болғандықтан, қажетті мөлшердің төрттен бір бөлігі Ресейден әкелінеді.Сондықтан бағаның бірден шарықтап кетпесіне тосқауыл болу үшін, үкімет шара қолданбақ.
Жанармайдың қымбаттауы шымкенттік жүргiзушiлер үшін қорқынышты емес. Бағаның бiрнеше теңгеге жоғарылауы жүз теңгелік нарықты бастан өткерген оларға таңсық емес.
Айман, жүргізуші: «Мен күніне 500 теңгеге жанармай құятын болғандықтан мұндай бағаға үйреніп кеттім. Баға 3-4 теңгеге өсетін болса, еш қарсылығым жоқ, тек сұйық отын тапшылығы орын алмаса болғаны».
Сабит, жұргізуші: «Бұл бағаға үйреніп қалдық. Егер тағы да көтерілетін болса, бәрі қайта қымбаттайды».
Мұндай баға сәуiрдiң ортасына дейiн сақталады дейді мамандар. Бұдан соң 92-шi маркалы жанармайдың литрына 120 теңгеге дейiн төлеуге тура келеді екен.