Жаяу жүргіншіні қағып өлтірген жүргізуші қанша жылға сотталады?

248
сот барысы

Еңбекші аудандық сотында шулы қылмыстық іс қаралып жатыр. Мұнда жаяу жүргіншіні қағып өлтірген жүргізушінің ісі қатаң қадағаланды.

Еске сала кетейік, бұл жол көлік оқиғасы өткен жылы 16-желтоқсан күні қаламыздағы Т.Рысқұлов көшесінің бойында орын алған. «Фордтың» жүргізушісі 50-жастағы әйелді қағып кеткенімен қоймай, оны бірнеше километр қашықтыққа сүйреп, айдалаға тастап кеткен.

Марқұм болған әйелдің ұл-қыздары жүргізушіге ешқандай кешірім бермейміз деп отыр. Өйткені, біз анамыздан айрылдық деп жылайды олыр. 1-наурыз күні бұл қылмыстық істің қорытындысы шығуы керек еді. Алайда, сол күні екіге бөлініп, шешімі шықпақ болған іс қайта созылды.

Айғаным, марқұмның қызы: «Адам өлтіргенімен қоймай, оны айдалаға лақтырып кеткенін айтсаңызшы. Біз анамыздан айрылдық. Айтпақшы, оның қасында сол күні тағы бір қыз болған. Бірақ, ол тергеу барысында еш айтылмайды. Неге?»

Айтпақшы, кінәлі жақтың қорғаушысы, БАҚ өкілдерінің сот отырысына қатысқанына қарсы болды. Сол себепті, сот барысы жабық түрде өтті.

25 жастағы жүргізушінің ісі қайта кейінге қалдырылды. Өйткені сот сарапшыларының қайта тексеруі керек екен. Келесі отырыс 13-наурыз күні өтетін болды.