Қазақтың ең лайықты аруы оңтүстіктен

424

Ақерке- «Қазақтың ең лайықты аруы» атағына ие болды.
Оңтүстіктің Түлкібасынан түлеп ұшқан Өмішбай Құрал Ақерке Қытай астанасы — Бейжін қаласында өткен «Қазақтың ең лайықты аруы» атты байқауда Бас жүлде алып, осы атаққа лайықты деп табылды.

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы өткізген, төрткүл дүниенің 12 елінен қатысқан қазақ арулары арасында дараланған сұлу Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дің 4-ші курс студенті.

Болашақ бизнес және экономика саласының маманы бүгінде «Хабар» арнасында аудармашы-редактор ретінде қызмет атқарады. Ақерке ең алғаш рет 2009 жылы республикалық «Салт-дәстүр аруы» байқауында үздік атанған болатын. Сосын Қазақстанда өткен «Қазақтың ең лайықты аруы» атанған. Бұл байқауға тек тәжді арулар қатысады екен.

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы мұрындық болған байқаудың мақсаты салт-дәстүр, көнерген әдет-ғұрыпты жаңғырту, жастардың бойына сіңіру. Осы қасиетті жанына жасынан жалау ете білген, алыстағы Канада, Австрия, Германия, Түркия сынды 12 елден жиналған сұлулардың сынында Өмішбай Құрал Ақерке дараланды.

Жерлесімізді жеңісімен құттықтаймыз!!!