"Қызыл кітапқа " енген жануардың бірі

Қазақстан бойынша үш мемлекеттік зообақ бар. Оның бірі Қарағандыда болса, ең үлкені Алматыда. Ал үшіншісі Шымкенттегі жануарлар бағы.  Асанбай Асқаровтың қолға алуымен 1980 жылы ашылған бақтың жалпы жер көлемі 54 гектарды алып жатыр. Онда 1000-нан аса түрлі аң-құс бар. Жануарлардың  150-ден астам түрі ұсталынса, оның 20-ға жуығы «Қызыл кітапқа» енген.

Атуға тыйым салынып, аса қатаң түрде қорғауға алынған, «Қызыл кітапқа» енген жануардың бірі-бұғылар. Табиғат қорғаушылары тұяқты жануарлардың азайып бара жатқанын айтып, қынжылады. Заңсыз жасалынатын әрекеттер бұғылар санының азаюына жалғыз себеп емес.

«Оларды атып-қырудан бөлек, тағы бірнеше себеп бар. Егістіктердің  азаюынан, өндірістердің дамып, жайылымдарды шектеуден, қорықтарда оларды өсіріп, күтіп-бағу жағдайларының төмендігінен, емін-еркін жайылмай, азықтардың азаюынан да олардың саны кеміп жатыр»,- дейді Шымкент зообағы тұяқты жануарлар бөлімінің меңгерушісі Есимов Сейілбек.

Ал шымкенттегі жануарлар бағында бұғының 3 түрі бар. Марал, кері және теңбіл бұғы. Саны да санаулы.

«Шымкенттік мелекеттік зобағында екі марал бар. Оның бірі буаз. Ал кері бұғының жеті басы бар. Оның үші еркек, төрті ұрғашы. Одан да төл аламыз деп отырмыз. Теңбіл бұғымыздың он бір басы бар. Биылдыққа үш төрт төл аламыз деп үміттеніп отырмыз»,- деп сабақтады меңгеруші.

Қазақстан бойынша теңбіл бұғының саны аз. Алматыда не бәрі 33 қана бар болса, Қарағандыда 11. Ал кері бұғының Қарағандыда үш торт басы бар. Алматыда жиырмаға жетер‑жетпес. Қуантарлығы сол, елімізде өзгелерге қарағанда маралдың саны соңғы жылдары көбейіп келеді. Бұл орайда Өскемендегі марал өсіру шаруашылығы жоғары жетістіктерге жетуде. Қолда 5133 марал бар.

Шымкенттік зообақ қызметкерлері де тұяқты жануарларды күтімге алып, санын көбейтуге тырысуда. Қатонқарағайдағы марал өсіретін шаруашылықпен келісім шарт түзіп, алдағы уақытта 3  марал алып келу жоспарлануда.