Әнші әрі сазгер, «Шалқар» ұлттық термешілер байқауының лауреаты Заттыбек Көпбосынұлы алғаш рет Өзбекстан еліне концерттік кеш берді. Аталған кешті әнші «Шаншар» әзіл ысқақ театрымен бірлесе отырып ұйымдастырыпты.
Заттыбек Көпбосынұлы, әнші,сазгер: «Мен Өзбек ағайындыларының еліне барып алғаш рет концерттік кеш бердім. Көңілімнен шықты. Халық өте жылы қарсы алды. Қазақ әндерін ол жақтағы қандастарымыз сағынып қалғандары көрініп-ақ тұр. Барлығы қол соғып ерекше ықыласпен қошеметтегендері сахнада тұрып шабыттанады екенсің. Мен бұл жолы «Шаншар» әзіл сықақ театрымен бірге бардым. Ендігі жолы жеке концерттік кешімен баруды жоспарлап отырмын. Ал шығармашылығымдағы соңғы жаңалықтарымның бірі-ол ән қоржынымның жаңа әнмен толығуы. Ән «Қасымда жүрсең» деп аталады. Егер жаңа ән көрерменнің көңілінен шықса онда оған бейне клип түсірсем деймін. Енді тойдың мезгілі басталады. Мен көбіне Шымкент қаласында боламын. Барлық уақыттарымды шығармашылығыма арнасам деп отырмын».
Бүгінде әнші Заттыбектің репертуарында бірнеше әндермен бейнеклиптер бар. Сонымен бірге, «Ақ Маржан» атты үн таспасыда жарыққа шыққан болатын. Ал жақында әнші Заттыбек жаңа қырынан тану мақсатында продюсер болуды қолға алып жүргенге ұқсайды. Қазір әншінің жетекшілігінде жас әншілер де бар.