Ж.Шанин атындағы облыстық қазақ драма театрында мектеп оқушыларының қатысуымен «Өнер құдіреті — мәңгілік» атты өнер фестивалі өтті. Шымкент қалалық білім бөлімі ұйымдастырған шараға шаһарымыздағы елу төрт мектептен үш мың бес жүзге жуық оқушы қатысты.
Фестивльдің мақсаты- ұлттық мәдениетіміз бен әдебиетімізді насихаттау, өнер құдіретін жандандыру, дарында да талант иелерін анықтау, оларды шығармашылыққа баулу.
Алдымен Әл-Фараби алаңына жиналғандар түрлі үйірме жұмыстары туралы нөмірлер дайындапты. Оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында жүргізілетін шаралардың жылдық қорытындысының нәтижесі сарапталды.
Сондай-ақ олардың өз қолымен жасалған ұлттық салт-дәстүрімізді, қолөнерімізді, тарихымызды насихаттайтын көрме ұйымдастырылды. Білім бөлімінің басшылары мен ел қалаулылары көрмені аралап, оқушылардың еңбектерін жоғары бағалады.
Негізінен фестивальдің бағдарламасында облысымыздың 80 жылдығы мен ән, би әлемінің падишалары, кино, мәдениет және өнер қайраткерлерінің туған жерге деген сүйіспеншілігі қамтылған.
Сондықтан, шараға қатысқан оқушылар сахналық қойылымдарын да ер тұлғалы азаматтар мен озып туған жандарға арнады. Мәселен, №26, 88 мектептің оқушылары би құдіретінің падишасы Шара Жиенқұлованың өмірін өрнектеп, вальс королі Шәмші Қалдаяқовтың өнердегі жолын көрсетті. Ал №52 мектептегілер күш атасы Қажымұққанның образын сомдаса, №62 білім ошағының оқушылары театр тарланы Жұмат Шаниннің шығармашылығын, қыз қалам шебері Қастеевті №26, 78 мектеп ұжымы бейнеледі.
Ал қалалық білім бөлімі белсенді қатысқан мектеп ұжымдарына алғыс білдіріп, үздіктерді марапаттады. Жақсы өнер көрсетіп, жүлдегег іліккендер бағалы сыйлықтарға ие болып, марапаттау грамоталарымен марапатталды.