ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары Оңтүстікте

299

Қазақстан халқы ассамблеясынан ҚР Парламент Мәжілісіне сайланған депутаттар Розақұл Халмұрадов пен Роман Ким облыс әкімдігінде ассамблеяның мүшелерімен және Оңтүстік өңіріндегі ұлттық- мәдени орталықтардың басшыларымен кездесті.

Сәуірдің 5 мен 15 аралығында  мәжілісмендер  жергілікті жерлерде тұрғылықты халықпен кездесіп, Елбасының халыққа жолдауын насихаттайды. Олар жолдаудағы еліміздің экономикасын дамыту арқылы халықтың тұрмысын жақсарту мақсатында  үкімет тарапынан қабылданған ірі инвестициялық жобалармен көпшілікті таныстырды. Розақұл Халмұрадов атап өткендей ең басты мәселе-ол тұрғындарды жұмыспен қамту.

Розақұл Халмұрадов, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты: «Осы бағытта бүгінде ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Олар- Балқаш жылуэлектростанциясының құрылысы, Батыс Еуропа-Батыс Қытай халықаралық көлік дәлізінің құрылысы қызмет көрсету қызметінде жұмыс істейтіндерге жақсы мүмкіндік береді. Қарашағанақтан өңірлерге тартылатын магистралды құбырлар арқылы тұрғындар табиғи газбен қамтылады. Президент  Қазақстан құрылыс алаңына айналуы тиіс деген. Ол арқылы  жаңа жұмыс орындары  пайда болады. Бұл өз кезегінде аймақтағы жұртшылықты тұрақты жұмыспен қамтуға жол ашады».

Кездесу барысында Розақұлов мырза ауылшаруашылығы саласындағы жетістіктерге де тоқталды. Ұтымды жобалардың бірі-Жамбыл облысында салынатын минералды тыңайтқыш зауытының  құрылысы. Құны  2 млрд. АҚШ доллары тұратын нысанды ресейлік компания салады. Құрылыс  биыл басталуы тиіс. Бұл жоба жүзеге асса, 4 облыстың диқандары минералды тыңайтқыштан тапшылық көрмейді. Осыған дейін селитраны шаруалар Ресей мен Өзбекстаннан сатып алып келген.