Суретші – Шаржанов Араншы. Алпысты алқымдаған ол әйел бейнесіне ғашық. Суретке 5 жасынан келген кейін Ташкентте оқу тауысқан. Көрмеге құрбылар тағдырынан сыр шертетін ерекше туындысымен келген. Араншы Шаржановтың айтуынша, әйел – суретшінің музасы.
Араншы Саржанов, суретші: «Құрбылар туындысы менің жүрегіме жақын суреттердің бірі. Мен әйелдердің достығына риза болатын жанмын, бір-бірімен сырласуға уақыт табады. Олар нан жауып жүріп те, қызу тірлік істеп жүріп те сырласа береді. Осы бір бейнеті көп нәзік жандыларды сүйреттегім келді. Қоңыр түстің өзі олардың өмірінің сәнді еместігін айтқызбай-ақ бейнелеп тұр».
Әйел бейнесінің сурет өнеріндегі орны ерекше. Атақты суретшілердің әйгілі жұмыстарының бәрі әйелмен байланысты болып келеді. Мысалы, Леонардо да Винчидің «Джокондасының» өзі неге тұрады! Ал, бұл көрмеде ерекше көзге түсетін Абдулов Равиль деген суретшінің «Мадонна с младенцем» деген портреті. Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен ананың баласын емізуінің өзі, табиғат берген керемет емес пе!
Равиль Абдулов, суретші: «Бұл суретте өзімнің әйелім мен балам. Балам 24 жаста. Яғни, осыдан 24 жыл бұрын салған туындым бүгінде бағасын жоғалтқан жоқ, болашақта да жоғалтпайды. Себебі, бала мен ананың махаббаты мәңгілік».
Әйел бейнесін ақын өлеңмен жырласа, сазгер әуенмен, суретші қыл қаламымен бейнелейді. Сондықтан болар, облыстық көркем-сурет галереясына қойылған дүниелер саны 80-ге жуық. Мұның өзі әйел кереметтілігіне сөз түгілі, бояу да жетпейдіні меңзесе керек.
«Әйел образы» көрмесінің авторы Айнабек Мыңжасарұлы. Ол- Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, көркем академиясының академигі, әлем халықтары өнер ассоциациясының академигі және еңбек сіңірген суретшісі.
Айнабек Оспанов, ОҚО көркемсурет галереясының меңгерушісі: «Атаулы көрмені ұйымдастыруды бұрыннан жоспарлағанбыз. Мұнда жергілікті суретшілер мен қатар, көршілес Қызылорда облысы суретшілердің туындылары да қойылған. «
Айнабек Мыңжасарұлының «Дала кербездері» портреті алыстан мен мұндалап тұр. Ондағы филисофиялық ойдың өзі тереңде жатқан жоқ па. Ал «Іңірдегі сәт» суретінің құпиясын былай жеткізді.
Айнабек Оспанов, ОҚО көркемсурет галереясының меңгерушісі: «Бір ауылға барғанымда кемпір мен шалдың бір-біріне теріс қарап отырғанын көрдім. Олардың не айтып отырғанын білмедім, бірақ балаларының болашағын ойлап отырғандары бесенеден белгілі болды. Мүмкін жасаған жастарын шамалап, дүненің кезек екенін еске алып отырған болу керек. Не айтса да, дәл осы бейне маған қатты ұнады.»
Ия, рас әйел бейнесі бітпейтін тақырып. Қай образын алып қарасаңызда өзіндік сұлулығымен өзіндік бояуымен ерекше.