Жүкті әйелді күшпен ұстап отырған топ ұсталды

290

Облыстың полицейлері жүкті бойжеткенді жыныстық қатынастағы құлдықтан құтқарды. Сарыағаштық тұрғындар бірер апта бұрын аудандық полиция бөліміне қызының жоғалып кеткенін айтып арызданған болатын. Тәртіп сақшылары шымкентегі пәтерлердің бірінде бойжеткенді күштеп ұстап, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлегенін анықтаған. Полицейлер қылмыстық топты құрықтап, тұтқындағы бойжеткенді босатты. ҚР Қылмыстық кодексінің бірнеше бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне 23 жасар бойжеткеннің жоғалып кеткендігі туралы арыз ақпанның 23-не келіп түскен. Бірнеше күннен соң-ақ ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасына Шымкенттегі пәтерлердің бірінде қыз баланы күштеп ұстап, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеп отырғандығы туралы ақпарат жеткен. Полицейлер арнайы операция ұйымдастырды.

«Нәтижесінде қылмыстық топ құрықталып, төрт азамат ұсталды. тағы бір анықталғаны, мұнда жеңіл жүріске салынған тағы да бірнеше жас қыздар қолға түсті. Сондай-ақ пәтерді тінту барысында тағы да бірқатар дәйекті заттар алынды»,-дейді ОҚО ІІД тілдерді дамыту және ақпараттық қызмет басқармасының бастығы Салтанат Қаракөзова.

Пәтерді тінту барысында аңшылық мылтығы табылған. Күдікті мылтықты тауып алдым деп отыр. Ал басты жәбірленуші полицияға өзінің жоғалып кету себебін түсіндіріп арызданды.

«Сарыағашта Берік есімдіігітпен таныстым. Кешкісін кафеге шақырды. Енді түсі жылы, түрі келісті жігіт болғасын келістім. Сосын Шымкентке қарай алып кетті. Ешқандай да кафеге барғанымыз жоқ. Осы пәтерге алып келді. Мұнда әйелдер көп еді. Менің «Қайда келдік? мына әйелдер кімдер?»-деген сұрақтарыма жауап берместен: «Енді сен осында жезөкшелікпен айналысатын боласың. Бітті. Қарсылық көрсетіп әуре болмай-ақ қой» -деп тұр. Әрине, мен үйге қайтатынымды айтып, келісіп, тіпті керісіп те қалдым. Зорлық көрсетіп, қорқытып, күштеп, дегніне көндірді,»- дейді жәбірленуші.

Жәбір көрген бойжеткен жүктіліктің алты ай мерзімінде. Ұсталған қылмыстық топтың үстінен адам ұрлау, жеңгетайлық сынды бірнеше бап бойынша қылмыстық іс қозғалды.