Дәрігер-эндоскописттер біліктілігін арттыруда

380
ота барысы

Шымкент қалалық жедел жәрдем ауруханасы базасында алғаш рет эндоскопиялық гастроэнтерология және гепатология мамандығы бойынша еліміздің дәрігер-гастроэнтеролог мамандар мастер-класс өткізді. Құр сөзбен анықтама беріп қана қоймай, жиналған дәрігерлерге профессор, медицина ғылымдарының докторы Елдос Изатуллаев іс жүзінде тексеру жасап көрсетті.

Елдос Изатуллаев, профессор: «Бұл әдіс науқастың жасын ұзартады. Барынша ұзақ жасауға көмектеседі. Өзіңіз ойлаңыз, олардың өмірі қыл үстінде болады. Сондықтан осы әдіске жүгінген дұрыс».

Облыстың эндоскопист дәрігерлерінің кәсіби деңгейін жоғарлату мақсатында өткен жиын барысында, өңештегі варикозды кеңейген тамырларынан қан кетуінің алдын-алу мақсатында эндоскопиялық байлау әдісін енгізуді де үйретіліп, мамандарға қажетті кеңестер де берілді.

Андрей Анипкин, қалалық жедел жәрдем аурыханасының эндоскопия бөлімінің меңгерушісі:«Бұрын кеңейген тамырлардан қан кеткен науқастар отадан кейін 48 сағат жататын. Одан кейін де қан кету қаупі болатын. Ал қазір жаңа әдіс науқасқа еш зиян келтірмейді».

Айта кетейік, бұған дейін біздің облыста атаулы ауру түрін емдеу мүмкін болмаған. Тек еліміздің бас қалаларында ғана квота арқылы емделіп келген. Енді эндоскопиялық әдісті енгізу арқылы осы емді қажет ететін оңтүстікқазақстандықтарға жоғары дәрежеде ем алуға мүмкіндік туып отыр.

Мәди Хожаұлы, медицина ғылымдарының докторы, профессор: «Ауруханадағы соңғы үлгідегі заманауи медициналық аппараттарының арқасында бірінші рет облысымызда хирургиялық және гастроэнтерологиялық науқастарға эндоскопиялық операциялар жасау үшін барлық мүмкіндіктер жасалынып отыр».

Тәжірибе алмасып, біліктілігін алмасқан эндоскопист-дәрігерлер енді ешқандай қиындықсыз науқастарға көмек көрсете алады.