Кәспкерлермен кездесу

Парламент депутаттары Уәлихан Бишімбаев пен Шалатай Мырзахметов бизнесмендерге Елбасының жолдауын түсіндіріп, кәсіпкерліктің дамуы үшін ойластырылып жатқан жобалар мен жаңа жұмыс орындары жайлы сөз етті. Шалатай Мырзахметов отырыста заңды тұлғаларды тіркеу жөніндегі жаңа заң жобасы туралы іскер азаматтармен ой бөлісті.

Шалатай Мырзахметов, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты: «Біз қазір заңды тұлғаларды тіркеудің өзгеруіне қатысты шыққан жаңа заң жобасын талқылап жатырмыз. Бұл үшін бір күннен үш күнге дейінгі уақыт қарастырылған. Сонымен қатар, бұл ретте электронды тіркеу де қарастырылған. Ол үшін 15 минут қана уақыт кетеді. Осыған сай біздер осындағы кәсіпкерлердің ойын білмекпіз».

Жаңа өндірісті дамыту үшін жаңа жұмыс күші мен жас мамандар қажет деп санайды Уәлихан Бишімбаев. Айтуынша, бүгінгі таңда Қазақ елінің жастары элиталы мамандықтардың иесі болуға әуес. Нәтижесінде техникалық мамандықтар шетте қалып кетеді. Ал біздегі нарықта дәнекерлеуші мен темір ұстасы жетіспейді.

Уәлихан Бишімбаев ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты: «Мемлекет басшысының өз жолдауындағы негізгі ұстанып отырған бағыты – бұл маман иесі атану. Дипломды болу ғана жеткіліксіз. Мектепті бітіргеннен соң, сүйікті кәсібін меңгеріп, материалды жағдайын адам өзі жасауы тиіс».

Сөйтіп, жиын соңында Заңды тұлғаларды тіркеудің жаңа заңына қатысты кәсіпкерлердің пікірін мәжілісмендер ақордадағы әріптестеріне айта баруға уағдаласты.