газ құбыры

ОҚО Назарбек жергілікті бекетінен 700 метр, Шымкенттен 250 шақырым қашықтықтағы жерде таңғы сағат 6-лар шамасында Ташкент-Алматы жерасты газ тарату құбырында жарылыс болды. Бұл туралы төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Сағат 6-жарымдар шамасында Өзбекстан жағы дереу көгілдір отын беруді тоқтатты. Жағдайды оңтайландыруға ТЖ қызметінің жеке құрамынан 14 маман, 2 техника жұмылдырылды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Оқиға болған жерге облыс әкімінің орынбасары Берік Оспанов келді.