Өңіріміздің бірқатар аудандарында кадрлық ауыс-түйістер орын алды. Облыс әкімінің өкімімен Болатбек Дүйсенбекұлы Қыстауов бүгіннен бастап Қазығұрт ауданының әкімі болып тағайындалды.
Болатбек Қыстауов 1973 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша экономист. Бұған дейін Қазығұрт ауданы әкімінің орынбасары болып еңбек етіп келген.
Ал осы өңірді бұрын басқарған Тұманбек Сүйінбайұлы Әлиев облыстық құрылыс басқармасының бастығы болып тағайындалды. Бұл басқарманы бұған дейін басқарған Альмира Орманчина, басқа жұмысқа ауысуына байланысты лауазымынан босатылды.