ОҚО бюджетінің көлемі 8 млрд.125 млн.-ға ұлғайды

133

2012 жылға арналған облыстық бюджеттің көлемі  8 млрд. 125 млн. теңгені құрады. Бүгін  облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырысында осы қаражатты салаларға бөлу мәселесі талқыланды. Облыстық бюджеттің кірістерінің көлемі жалпы 7 620,5 млн. теңгеге, оның ішінде республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер есебінен -7 484,6 млн. теңгеге, даму траснферттері 3 825,4 млн. теңгені құрады.

Өткен жылдың қорытындысымен аудан, қала бюджеттерінен игерілмеген трансферттердің қайтарымы есебінен 135,9 млн. теңгеге ұлғаюда. Соның ішінде білім беру саласы бойынша 7 кәсіптік техникалық білім беру ұйымдарының оқу-өндірістік шеберханаларын жабдықтауға 175,0 млн. теңге бағытталуда.

Нұрлан Нұржанов, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы бастығының орынбасары: «Сондай-ақ, Бәйдібек ауданы Шаян ауылындағы 360 оқушыға арналған. 180 орындық жатақханасымен салалық техникалық лицейдің құрылыс жалғастыру үшін 786,7 млн. теңге қарастырылуда».

«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы шеңберінде қала, аудандардағы 4304 маманға жастар практикасын ұйымдастыруға 739,7 млн. теңге қарастырылуда. Сақалды құрылысқа айналған Төлеби ауданы Леңгір қаласындағы бір аусымда 200 адам қабылдайтын емханасы, орталық аудандық аурухана құрылыс жалғастыру үшін 152,4 млн. теңгені бағыттау көзделуде. Осы және өзге де салаларға қаражат бөлу мәселелері облыстық мәслихаттың 3 сессиясының қарауына ұсынылады.

Нұрлан Нұржанов, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы бастығының орынбасары: «Облыстағы елдімекендерді сумен қамтамасыз етуге  нысандардың құрылысына қосымша 426,4 млн. теңге қарастырылуда.  Бизнестің жол картасы 2020 бағдарламасы шеңберінде шағын және орта бизнеске кредиттерді ішінара кепілдендіруге 61,4 млн. теңге қарастырылуда».