Су тасқынынан зардап шеккендерге көмек қолын созу мақсатындағы арнайы есеп шотқа жиналған қаржы көлемі 45 миллион теңгеден асты. Бұл туралы облыстық кәсіподақ кеңесінің төрағасы Досыбай Шерімқұлов мәлімдеді.
Жиналған қаржының басым бөлігі мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардан құралған. Ал қалғаны қарапайым шымкенттіктердің қайырымдылыққа әкелген қаражаты. Бұдан бөлек, ересектер мен балаларға шақталған киім-кешек пен азық-түлік қоры да күннен күнге толығып келеді.
Қазір кәсіподақ ұйымының қоймасындағы заттар барлық мұқтаждарды қажетімен қамтымаса да, көпшілігіне жеткілікті. Айта кетерлігі, акция бұдан әрі де жалғасатын болады. Ат салысамын деушілер болса, аянып қалмаңыздар. Шараны ұйымдастырушылардың қайырымдылықтан қалыс қалмаған азаматтарға алғысы шексіз.