Прокурорлар қызметтерін ауыстырды

1041

ҚР Бас Прокурорының бұйрықтарымен және Бас прокуратураның келісімі бойынша облыс прокурорының бұйрығымен облыс прокуратурасы органдарында бірқатар кадрлық өзгерістер орын алды.

Облыс прокурорының бірінші орынбасары болып бұрын облыс прокурорының орынбасары қызметін атқарған — Иманов Ибрахим Әлжанұлы тағайындалды.

Облыс прокурорының орынбасары қызметіне бұрын ҚР Бас прокуратурасының басқарма бастығы қызметін атқарған Қожахметов Әбіл Аханұлы, Кентау қаласының прокуроры болып бұрын облыс прокуратурасының аппарат басшысы қызметін атқарған Нұрғали Жомарт Нұрғалиұлы, облыс прокуратурасының аппарат басшысы қызметіне бұрын облыстық Әділет басқармасында жұмыс атқарған Усманов Қуанышқожа Әбдіжәлілұлы келді.

Сонымен бірге Шардара ауданының прокуроры болып бұрын ҚР Бас прокуратурасының басқарма аға прокуроры қызметін атқарған Сейдуалиев Талғат Сатышевич, ал Шарадара ауданының прокуроры болған Алтыбаев Асқар Абубакирович Түзеу мекемелеріндегі заңдылықты қадағалау мамандандырылған прокуроры болып қызмет орнын ауыстырды.

Бұрын түзеу мекемелеріндегі заңдылықты қадағалау мамандандырылған прокуроры қызметін атқарған Зұлпыхаров Махат Зиятбекұлы Түлкібас ауданына прокурор болып кетсе, Осы ауданның бұрынғы прокуроры Жамалбеков Нұржан Шәріпбекұлы облыс прокуратурасының тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау басқармасының бастығы қызметіне тағайындалды.

Осы басқарманың бастығы болған Тұрдыбеков Бақытжан  Бейсенбайұлы Қазығұрт ауданына прокурор болып тағайындалды.