Шымкент қалалық жедел жәрдем ауруханасында бауырға тағы бір ерекше ота жасалатын болды. Өңірімзге алғаш рет Ресей еліндегі Вишневский атындағы хирургия институтының гепатология және панкреатологиялық хирургия бөлімшесінің меңгерушісі, профессор Вишневский Владимир Александрович келіп, шеберлік сабағын өткізуде. Облысымыздың дәрігер мамандарының бауыр мен ұйқы безіне ота жасау деңгейін жоғарылатуды мақсат еткен бұл операция 14-сәуірге дейін жалғасады.
Ота жасар алдын гепатология мен панкреатологиялық хирургиясының әлемдегі озық маманы Владимир Вишневскии науқастардың жағдайымен жеке танысып, ота жасауға жасалған мүмкіндіктермен танысты. Серікбай Сұлтанов (суреттегі) білікті маманның ілінер алғашқы пациент болды. Темірлан ауылының тұрғыны 30 жылдан бері бауыр гемонгеомасымен ауырады екен. Сарыаурудан кейін оңалмаған ол тәуекелге бел буған.
Ота 4 күн аралығында 9 азаматқа жасалынады. Осыған дейін науқастар Астана, Алматы қалаларына квота арқылы барып емделетін. Сонымен қатар, облысымыздың дәрігер мамандарының бауыр мен ұйқы безіне ота жасау деңгейін жоғарылатуды мақсат еткен.
Владимир Вишневский, профессор: » Қазақстан, Ресей және барлық бұрынғы кеңес одағында болған елдерде азаматтарды бауыр және ұйқы безі мазалайды. Оның ішінде қауіпті ісік түрі және онкологиялық еместері де бар. Бұло мамандық қиын. Сондықтан, мен осы Шымкентке келіп, мамандарға шеберлік сабағында ота жасаудың қыр-сырымен таныстыруды жөн көрдім Сіздерде барлық мүмкіндік бар. Тек мамандарды үйрету керек.
Шымкент дәрігерлері 4 күн аралығында науқасқа нақты диагноз қойып, отаны сәтті жасау жолын білікті маманнан үйреніп үлгеруі керек.
Жұмағали Исмаилов, ОҚО денсаулық сақтау басқармасының бастығы: «Бүгіннен бастап, шеберлік сабағы басталды. Біз ота жасалатын 9 науқасты дайындап қойдық».
ОҚО-да медициналық тіркеуде бауыр қатерлі ісігі бар 240 адам тұр екен. Өткен жылы бұл сан 163 қана болатын. Науқастар санының көбейгені, шеберлік сабығының қажетті екендігін айқындайды.