Сот шешімі-орындалуымен құнды

292
сот орындаушылармсен кездесу

Сот шешімі-орындалуымен құнды. Осыны ескерген сот орындаушылары бас қосып, алдағы атқарар жұмыстарын жүйелеп алды. «Іс көбеюде, бірақ орындалуы тиіс қағаздардың қорытындысы мардымсыз, сондықтан жүйелік керек»,-дейді орындаушылар.

Әсіресе, мемлекет пайдасына өндірілетін айыппұл, мүлікті тәркілеу оңай шаруа емес. Десе де, бірлесіп жұмыс істесек рейтингі көтерілері анық екенін тілге тиек етті, дөңгелек үстел барысында. Кейбір органдар айғақты заттарды қайда апарарын білмейді. Міне, осындай кемшіліктер айтыла отырып, жою жолдары да қарастырылды.

Марат Қуандықов, ОҚО сот актілерін орындау департаментінің бас маманы: «Сот шешімдерінің мүлтіксіз орындалуы елімізде заңдылықтың қатаң сақталатындығын көрсетеді. Мемлекетіміз жеке отау тігіп, тәуелсіздік алған кезден бері атқарушылық іс жүргізу саласы қоғам дамуының бағытына ыңғайластырыла бірнеше рет реформаланды. Сот шешімдерінің орындалуын түпкілікті жақсарту қажеттілігі туралы Елбасы  нақты тапсырма берді».

Сот актілерін орындау бойынша түбегейлі жақсы нәтижеге соттармен, құқық қорғау органдарымен, мемлекеттік және тіркеу органдарымен тығыз, қоян-қолтық жұмыс жасау арқылы ғана қол жеткіземіз. Сон­дықтан да жұмысымызды өзге мемлекеттік және өзге де мекемелермен тығыз ынтымақ­тастықта жасауға күш салудамыз. Басты міндетіміз – сот шешімдерінің сапалы әрі уақтылы орындалуын қамтамасыз ету.