«3-Энергорталығы» АҚ басшылығы 2011-2012 жылдар аралығында жылу беру маусымында атқарылған жұмыстарды қорытындылады. Жиналған қауым маусымдағы жылу өткен жылдармен салыстырғанда анағұрлым тәуір болды дейді. Ал депутаттар абоненттердің көбісінің жеке жылыту қондырғыларына көшуі алдағы уақытта күрделік тудыратыны анық деп дабыл қағуда. Жылудың сапасын жақсарту мақсатында «3-Энергоорталық» жаңғырту бағдарламасы аясында өнідіріс орнындағы 3-ші қазандық пен бір турбинаны күрделі жөндеуден өткізген. Сонымен қатар былтыр тозығы жеткен негізгі магистральді құбырлар жаңаланды. Бұл іс шаралардың барлығы жылу шығынын төмендетуге бағытталған.
Нұркөз Жаңабаев 3-Энергорталық АҚ директорлар кеңесі басқармасының төрағасы: » Былтыр , бұрын соңды болмаған күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Иляев, Адырбеков көшелерінде , Таукехан мен Қонаев даңғылдарында жалпы 4,4 шақырымда ескірген құбырлар алмастырылды. 5,2 шақырым орамішілік жылу жүйесі де жөндеуден өтті. Бұл жұмыстар биыл да жалғасады».
Тағы бір күрделіктердің бірі мардымды жылуға жарымаған тұтынушылардың дербес жылыту қондырғыларына көшуі. Егерде осылайша жалғаса берсе, онда жылуберушілердің қызметіне жүгінетіндер қатары азаяды деп дабыл қағады депутаттар. 3-Энергоорталықтың мәліметтеріне жүгінсек, былтырғы маусымның алдында дербес жылытуға 5 мың 459 адам көшкен. Бұл көрсеткіш биыл 1 сәуірде 7 115-ке жеткен.
Нұриддин Жарболов, қалалық мәслихаттың депутаты: «Тұрғындардың 50 пайызы дербес жылуға көшсе, жылуберушілердің жағдайы күрделі болмақ. Салдарынан электр қуаты, табиғи газ, шығыны артады да салмақ түседі. Ал «3-Энергоорталығы» өз жүйесінде толыққанды жұмыс істей алмайды».
Дербес жылуға көшкендерге жүйеге қызмет үшін төлем өтеу бойынша түбіртектер келуде. Осыған қарағанда жылуберушілер тұрғындардың арыздары мен өз құрылымындағы қызметкерлермен түзілген актілерге көңіл бөлмейді ме деп наразылығын білдіруде тұрғындар.
Людмила Нечипарук, 17-ші шағынауданның тұрғыны: «2010 жылы дербес жылыту қондырғысын орнаттым. Алайда осы күнге дейін жылу жүйелерге қызмет жасалғаны үшін түбіртектер аламын.Бармаған жерім қалмады, барлық рұқсат қағаздарын көрсетемін еш нәтиже жоқ».
Жиында сөз алғандар бірауыздан өткен маусымдағы жылудың сапасы алдағы жылдармен салыстырғанда анағұрлым жақсарғанын айтып, бірге жұмыс жасауға шақырды.