Тәрбиеші жасөспірімді көкала қойдай сабаған

Настяны ұрған

Төлеби ауданындағы №2 балалар үйінен сұмдық шықты. Орталықтың тәрбиешісі 16 жастағы қыздың тәнін көгертіп, көкала қойдай сабаған.

Настя әлі де үрей мен қорқыныштың құрсауында. Балалар үйінің 16 жастағы тәрбиеленушісі өз тәрбиешісінің бұл күнге дейін төбесінен әңгір таяқты бір емес, бірнеше рет ойнатқанын шошына еске алады. Тәннің көгерген бұл тұстары ащы таяқтың іздері деуге болады. Мойындағы дақтар буындырудан қалған куә іспеттес.

«Біз құрбыларымызбен бірге қыдыруға шығып кетіп, балалар үйіне сағат 17:00-де оралдық. Ол сәтте бізді онда Нұрдәулет есімді тәрбиеші күтіп тұрды. Содан соң ол бір топ қыздың ішінен мені ұстап алып, ұра бастады. Мені ұрып жүріп үш таяқты сындырды. Сосын тамағымнан буындырып, қолымды қатты қысты. Ол іздер әлі бар. Мұнан кейін ол бұл іздерді мені осылай қорлағаны (засос) екенін баршаға жаямын деді. Біздің көз алдымыздан жоғал. Басқа балалар үйіне өт деді», — дейді Төлеби ауданындағы №2 балалар үйінің тәрбиеленушісі.

Настяны ұрған

Төлеби ауданындағы №2 балалар үйінен Настя сөйтіп қашып шықты. Өйткені, тәрбиешісінің жәбірінен қорықты. Айтуынша, тәрбиелеудің мұндай әдісін ол балалр үйіндегі бар балаға қолданады. Өйткені, ондағы көп баланың ата-анасы тұрмақ, алыс жамағайыны да жоқ. Демек, арызданар ешкімі жоқ деп санаса керек. Ал Настяға кенеттен ұшырасқан танысы көмек беріпті.

Жасөспірімнің жоғалуы балалар үйіне лезде тарады. Дереу іздеу салған қызметкерлер бірнеше сағаттан соң осы үйге келеді. Мұнда Настяның кіндік анасы Светлана тұратын. Шақырылмаған қонақтар келіп кеткен соң әйелдің үйі шалылып қана қоймай, тәні де көгеріп қалады. Абырой болғанда полицейлер дер кезінде жеткен.

Төлеби аудандық балалар үйінің жетекшілігі орталықта ұрыс-керістің болып тұратынын мойындайды. Бірақ жанжалдың соңы балаларды ұруға дейін бармаған. Ал бұл тіпті ақылға сыймайтын жағдай. Қазір тиісті тергеу жұмыстары жүруде. Айыптылар анықталғаннан соң заң алдында жауап беретін болады.

«Біздің балалар үйінде балаларды ешқашан ұрған емес», — дейді мекеменің тәрбие ісі жөніндегі бастығының орынбасары Әлия Бейсебаева. — «Біздер мұны естіп таң қалдық. Айыптыларды заң бойынша міндетті түрде жазалайтын боламыз».

Журналистердің іске араласқанынан соң балалардың құқығын қорғау департаментінің қызметкерлері Настяны кәмілетке толмағандар орталығына уақытша жіберді. Настяға мұндағылар енді төлебидегі құрсауға барамайсың деп уәде беріп отыр. Жасөспірім қыздың алдағы жағдайы жақында шешілуге тиіс. Облыстық білім басқармасының мәліметінше, жасөспірімді ұрған қызметкер жұмыстан қуылыпты. Балалар үйіндегі тәрбиелеу әдісін енді оларға прокуратура қызметкерлері үйрететін болады.