Облысымыздағы жүк және жолаушылар тасмалдау саласында атқарар тірлік көп. Қазақстан Республикасы Көлік және Коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитетінің төрағасы Бақытжан Әбішев осылай мәлімдеді. Облыс әкімшілігінде өткен мәжілісте негізінен жолаушылар тасмалы әңгіме арқауына айналды.

Күн тәртібіндегі 3 мәселе қаралды. Негізгі бағыт жүк және жолаушы тасмалының жағдайын жақсартуға арналды. Мәжілісте Автомобиль көлігі туралы заңнама талаптарының орындалуы да әңгіме арқауына айналды.

Руслан Бексейітов, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Көлік бақылау инспекциясының бастығы: «Былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда айыппұл өндіру 2,22 есе артқан. Соның ішінде жолаушылар тасымалымен айналысқан 1496 жүргізуші жеке және заңды тұлғалар әкімшілік құқықтық бұзушылық жасағаны үшін жазаға тартылып 9 млн. 578 мың теңге айыппұл төледі. Жеңіл такси мен Минивен жүргізушілерінің 169 құқық бұзушылығы бойынша 1 млн. 205 мың айыппұл салынды. Сонымен қатар жүк көлігі жүргізушілерінің 660 әкімшілік құқық бұзушылығы тіркеліп 6 млн. 515 мың айыппұл салынды».

Соңғы жылдары аудан орталықтары мен қала кенттерде автовакзалдар мен автобекеттердің шамадан тыс көбеюі де жолаушы тасмалының қызметіне әжептеуір кедергі келтіргенге ұқсайды.

Әбілсейіт Рабаев, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастығы: «Заңның талаптарын орындау жөнінде тиісті кемшіліктерді жою жөнінде нақты уақытта берілген. Қазіргі таңда біршама аудандарда үдеріс бар. Ал кейбір автобекеттер мен вокзалдар бұл мәселеге ат үсті карауда. Және қазіргі таңда қолда тұрған мәліметтерге сай көлік инспекциясы нақты тексеру жұмыстары мен зерттеуді бастапты. Зерттеу нәтижесіне сәйкес арнайы облыстық комиссия құрылған. Автобекеттердің тиісті жұмысына баға беріп олардың заңаға сәйкес ұсынан қызметтері талқылануда».

Жиын барысында жол полияциясы мен көліктік бақылау және жергілікті атқарушы органдардың арасындағы өзара-қарым қатынастың жағдайы да талқы таразысына түсті. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Көлік және Коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитетінің төрағасы Бақытжан Әбішев бірқатар кемшіліктер туралы айтып өтті.