Қазақстанда төлем карточкаларының қолданылу аясы кеңеюде

Қазақстанда төлем карточкаларының қолданылу аясы кеңейіп отыр. Мұны банктердің жаңа өнім ұсынып, төлем карточкаларының түр-түрін шығарып қызықтыруымен және жұмыс берушілердің жалақыны осы жолмен төлеуімен де байланыстыруға болады. Бүгінде елімізде карточкаларды шығаруды 22 банк пен «Қазпочта» АҚ жүзеге асырады. Олар халықаралық және жергілікті жүйелердің төлем карточкаларын шығарып, таратады.

Айнұр Достаева, «ҚР Ұлттық банкі» ОҚФ экономисті: «Сәуірдегі жағдай бойынша банктер 10,4 млн. төлем карточкаларын шығарған, ал аталған карточкаларды ұстаушылардың саны 9,6 млн. адамды құраған».

Наурыз айының өзінде қазақстандық үлгідегі төлем карточкаларын пайдалану арқылы жасалған транзакциялар көлемі 427 млрд. теңгені құраған. Бұл өткен жылдағы осы уақытпен салыстырғанда 26 пайызға артық. Ал транзакциялар саны 15.55 млн. теңгені қамтиды.

Айнұр Достаева, «ҚР Ұлттық банкі» ОҚФ экономисті: «Карточкалардың ең көп таралған түрі дебет карточкалары болып табылады, олардың үлесі 83,9 пайыз, несие карточкаларының үлесі-14,5 пайыз құрайды».

Қолма-қолсыз төлемдердің негізгі бөліг POS терминал мен баркоматтар арқылы жасалған. Осы құралдарды сауда жүйелері мен базар, қызмет көрсету орындарында көбейту арқылы пластикалық карточкаларды қолданушылар да көбейе түседі деген сенім бар.