Үй ұрлығымен айналысып келген екі жігіт құрықталды

157
үй тонаушылары құрықталды
Ұрланған заттар

Полицейлердің мәліметінше соңғы кезде үй ұрлығына қатысты арыз-шағымдар көптеп түсе бастаған. 2012 жылдың 13-сәуірі күні Әл-Фараби ПБ-не 57 жастағы азаматша арызданып келген. Ол өз арызында кешкі уақытта үйіне белгісіз тұлғалар терезесі арқылы кіріп, алтын бұйымдарын ұрлап, 700 мың теңге шығын келтіргенін көрсеткен. Екі күн алдын осыған ұқсас оқиға бойынша 24 жасар жергілікті тұрғын арызданыпты. Бұл жас жігіттің де үйінен алтын бұйымдар ұрланған болып шыққан.

Біраз күннен  кейін 2012 жылдың 22-сәуірі күні тағы 55 жастағы жергілікті тұрғын көмек сұрап келген. Жәбірленуші үйіне белгісіз тұлғалар жасырын кіріп, жарты миллион теңге тұратын алтын бұйымдары мен газды тапаншасын ұрлап, оқиға орнынан ізін суытқанын айтқан. Бұл орын алған қылмыстар бір адамның қолымен жасалған деген болжау болған. Жедел жұмыстарын жүргізу барысында Әл-Фараби ауданының полицейлері 1993 жылғы туылған екі азамат ұсталынған.

Сәбит ДОСҚАРАЕВ,  Әл-Фараби аудандық ПБ-нің тергеушісі: «Арыздар көптеп түсе бастағанын ескере отырып жедел тергеу тобы құрылды. Күдіктілер бір схема бойынша үй ұрлығымен айналысып келген. Жәбірленушілер үйде жоқ болған кезде, олар терезені сындырып кіріп, тек алтын бұйымдар мен ақшаларды алып кетіп жүрген».

Тергеушілер сезіктіледің 10 қылмысқа қатыстылығын дәлелдеп отыр. Бұл көрсеткіш өсуі мүмкін дейді құқық қорғаушылар. Ұсталғандардан айғақтық заттар тәркіленіп алынды.

Күдікті азамат: «Мен тек терезе арқылы кіріп жүрдім. Есікті алдымен ұрамын, ешкім шықпаса іске кірісемін. Үйден алтын не болмаса ақша ғана алатынмын».

Жалпы жәбірленушілерге келтірілген шығын 3 миллион теңгеге жуық. Бұл іс бойынша ҚР ҚК-нің 175 бабы «ұрлық» жәйітіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер қамауда. Тергеу амалдары жалғасуда.