Биыл түлектер біріңғай ұлттық тестті 1-9 маусым аралығында тапсыратын болады. Бүгінде Шымкент қаласы бойынша тест тапсыратын пунктер де белгілі . Ол М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы және М. Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық интитуты.
Қала бойынша тест тапсыруға ниетті 4000-ға жуық түлек сұрақтарға жауап беріп, осы уақытта бар білімін көрсететін болады. Бұл негізгі көрсеткіш болса, оған қоcымша биыл бітіретіндердің 30 пайызы кешенді тест тапсырып, шетелге оқуға түсіп қойыпты.
«Тест тапсыру кезінде барлық сақтық шаралар жасалған. Бейнеқабылдау және дыбыс сөндіру құрылғылары жұмыс жасайтын болады. Біздің балаларымыз толықтай дайын. Алдын ала тапсырылған дайындық тесттердің көрсеткіші жаман емес»,- дейді қалалық білім бөлімінің бастығы Жанат Тәжиева.
Сын сағаттарға санаулы күндер қалды. Ал оқушылар бар ынтасымен дайындалуда. Баланың санасына психологиялық салмақ салатын тест тапсыру кезінде әсересе психолог мамандар, педагогтармен жұмыс жасау өте пайдалы. Сондықтан бірінші кезекте оқушыларымыздың денсаулығы деген болатын қала басшысының орынбасары Баһадыр Нарымбетов мектеп директорларның басқосуында.
«Балаларға ешқандай қысым жасалмасын. Үйде ата‑ананың, мектепте ұстаздың «өте алмай қалсаң», «өте алмай қаласың» деген сөздерінен санасына қорқышын ұялаған оқушылармен көп жұмыс жасау керек. Психолог мамандармен жиі жолығып, сөйлесу керек. Тест өтеді де кетеді. Ал болардың денсаулығы бәрінен маңызды»,-деді қала басшысының орынбасары Баһадыр Нарымбетов.
Олай болса, болашағын айқындап, келешегіне кемел жол жалатын тесттің қорытындысы барлық оқушыларды толғандырары сөзсіз.