Академик Мардан Сапарбаевтың туылғанына 70 жыл

509

Академик Мардан Сапарбаевтың туылғанына биыл 70 жыл. Осыған орай, бүгін М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ-да халықаралық ғылыми-тәжірбиелік конференция басталды. Екі күнге жалғасатын конференциядан соң грек-рим күресінен халықаралық турнир өтпек.

Академик Мардан Сапрбаевтың білім саласына сіңірген еңбегі ерен. Дене шынықтыру саласынан бастап, ғылымның сан биігін бағындырған ғалым аты ардақталып, ағартушылық қызметі бүгінгіге үлгі. Ғалымдардың басын қосқан конференция сөзіміздің айғағы.

Гүлшара Сапарбаева, М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ-ның ректоры: «Оқытушылар мен жас ғалымдардың ұсынысы бойынша осы бас қосуды өткізіп жатырмыз. Ресей, Қытай, Өзбекстан, Беларусь, Қырғыз елдердің білікті ғалымдарынан тәжірбие алмасу мақсатында конференция ұйымдастырдық. Жалпы, академик Мардан Сапарбаев есімін ұмытпай, еңбегін бағалай білгендерге алғысым шексіз».

ОҚГИ студенттері алыс-жақын оқу ордаларында білімін жалғастырып, оқытушылар озық үлгілермен тәжірбие алмасуы дәстүрге айналған. «Жоғарғы оқу орнында жастарға заманауи білім мен тәрбие берудің өзекті мәселелері» деген тақырыпты негіз еткен халықаралық ғылыми-тәжірбиелік конференцияға да Ресей, Қырғызстан және Қытай ғалымдары арнайы келіп қатысты.

Долкун НУСРАТ, Синьцзян Педагогикалық университеті ректорының көмекшісі: «Бір жағынан дене тәрбиесімен айналысып, спорт саласында толағай табыстарға жете жүріп, ғылымды да шыңға өрлеткен академик Мардан Сапарбаевқа шексіз құрмет. Ғалымның құрметіне орайластырып өткізіліп жатқан конференция Қытай ғалымдары үшін де, Қазақстан ғалымдары үшін де пайдасы зор. Екі  жақты пікір алмасу, тәжірбие алмасу».

Экономика, құқық, педагогика сынды ғылымның сан саласын қамтыған ғылыми-тәжірбиелік конференцияға білікті ғлымдармен қатар жас магистрант-ізденушілер де атсалысуда.
Айта өту керек, академик Мардан Сапарбаевтың 70 жылдығы құрметіне 18-ші мамыр күні грек-рим күресінен 18-ші халықаралық турнир өтеді.