Оңтүстік Қзақастан облысының су қоймаларындағы аулауға рұқсат етілген балық лимиті 2774 тонна болып бекітілген. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 400 тоннаға артық.

«Биылғы 2012 жылғы  лимит 2774 тонна болып бекітілді. Ал Сырдария өзенінде 225 тонна болып бекітілді. Алайда мына жайды да ескеру қажет.  Дәл қазіргі уақытта мамырдың 31-не дейін ОҚО аймағындағы су қоймаларынан  балық аулауға тыйым салынады. Сондықтан да балықтардың уылдырық шашу мерзімі аяқталғанша тұрғындарды түсіністік танытуға шақырамыз»-дейді Шардара балық инспекциясының бөлім бастығы Ғалымжан Жарасов.

Шардара балық нспекциясындағылардың тағы да айтары бар. Бүгінде Қапшағай және Бөген су қоймаларында шаян саны көбейген. Мұны арнайы ғылыми-зерттеу нәтижесі айғақтап отыр.