Еңбекті қорғау- ермек емес

428
жиын барысы

Халықаралық Еңбек Ұйымының ұсынысы бойынша 28- сәуір Бүкіләлемдік еңбекті қорғау күні ретінде  аталып өтіледі. Бұл дәстүр — өндірісте қайтыс болған және зақым алған, кәсіби аурулардан зардап шеккен жұмыскерлерді еске алу күні. Ол түрлі өндірістік жағдайларда адамның өмірі мен денсаулығының басымдылығына назар аударуға тағы бір мүмкүндік береді.

Халықаралық Еңбек Ұйымының мәліметтері бойынша әлі де әлемде өндірісте жыл сайын 270 млн. жуық жазатайым оқиғалар тіркеледі, 160 млн. азаматта кәсіби ауру айқындалады, 2 млн. 200 адам өндірісте қаза болады. Әлемдік экономиканың шығыны триллион долларды құрайды. Қазақстан бүкіл әлемдік қауымдастық сияқты осы әлеуметтік мәселеге немқұрайды қалмайды.

Мәселенің масштабына, сонымен қатар жұмыс орындарында салауатты және қауіпсіздік еңбек жағдайларын жасау және еңбекті қорғау мәдениетінің жылжуына, жұмыс орындарында жылсайынғы өлімдердің төмендеуіне қалай жағдай жасалатыны барлық қоғамның назарын аудару себебімен 2005 жылдан Бүкіләлемдік еңбекті қорғау күні Қазақстанда да аталады. Оңтүстікте бұл дәстүрден жаңылған емес.

Атаулы күні облыстық еңбекті қорғау департаментінде арнайы семинар өтті. Оған облысқа қарасты барлық аудан қалалардан келген, кәсіпорын өкілдері қатысты. Кәсіпорындары мен ұйымдарында жұмыс істейтіндердің 20 пайызы зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейді. Ал қаржылық және материалдық қаражаттар өкінішке орай кіші бизнестің жұмыс берушілерімен қалдық принципі бойынша бөлінеді. Алайда, ірі кәсіпорындардың көбі және орта бизнестің бір бөлігі жұмыс орындарында салауатты және қауіпсіздік еңбек жағдайларын жасауына жеткілікті қаражат бөледі, жылсайын әлеуметтік пакетін ұлғайтад. Бұның бәрі ұжымда жақсы психологиялық климат тудырады, кадрлардың тұрақтамаушылығы жоқ, сондай-ақ өндірістің көрсеткіштері жақсарады.

Еңбек құқықтарын қорғау – біздің негізгі басымдылығымыз. Жиынға арнайы қатысқан облыс әкімінің орынбасары Әли Бектаев, еңбекті қорғап, облыстың экономикасына үлес қосып отырған бірнеше кәсіпорын басшыларын марапаттады.