Небәрі 8 айлық нәрестесін аяусыз  ұрып жатқан ананың әркеті бүткіл ғаламторды шулатты. Бұл бейнеролик мамырдың басында YouTube-те жария болды. Малайзия астанасы маңындағы Петалинг Джая қаласында түсірілген роликті тамашалаушылардың саны сол уақыттан бері екі миллионнан асып кетіпті.

Шырылдаған шарананы тоқтаусыз топелеген көкек ананың бейнеролигі әу баста YouTube әкімшілігі бейне қызметтік шарттарға сай келмеуіне байланысты алып тастаған еді.

Британдық Daily Mail газетінің хабарлауынша, роликті баланың анасының құрбысы ұялы телефонға түсіріп алған. Бұдан бұрын да осындай оқиғаларға куә болған ол бейнероликті құқық қорғау органдарына тапсырған.

Жергілікті полицияның өкілі CNN телеарнасына берген сұхбатында бұл жайттың бір жыл бұрын орын алғанын айтқан. Полицей әйелдің есімін айтудан бас тартып, тек оның 18-де және күйеуі жоқ екендігін жеткізген. Бүгінде әйел баласына қатыгездік танытқаны үшін 18 айға түрмеге қамалып, баланы басқа жанұя бауырына басқан.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=BwDx3wS-nX4[/youtube]

Ақпарат көзі: http://www.baq.kz/