Көпбалалы аналар бас қосты

416
көпбалалы аналар кеңес алды

Көпбалалы аналар мемлекеттік жәрдемақысын қалай алуда? Олардың құқығы тапталып жатқан жоқ па? Осындай өзекті сұрақтар аясында облыстық «Ару аналар» қоғамдық бірлестігі мен Еңбекші аудандық әкімдігінің әйелдер комиссиясы ашық әңгіме өрбітті.

Басқосуға қаламыздың «Азат», «Достық», «Тассай», «Көксай» шағынаудандырының көпбалалы аналары жиналды. Мамандар жәрдемақының есептелуі мен құжаттар жиынтығын түсіндірсе, дәрігерлер отбасында ана мен бала денсаулығын жақсарты төңірегінде кеңестер берді.

Балалар жәрдемақысының мөлшері жайында Еңбекші ауданы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасы демографиялық саясат жөніндегі комиссияның хатшысы Лола Жумадиллаева түсіндіріп өтті.

Сонымен саралайық, бір жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша мемлекеттік жәрдемақы төлеуге жалпы талап 2011 жылы 23,1 млрд. теңгені, ал 2012 жылы 25 млрд теңгені құраған. 2013 жылы бұл көрсеткіш — 27 млрд. теңгені құрамақ. Бала күтімі бойынша ай сайынғы жәрдемақы мөлшері бала туу кезегіне байланысты және 2011 жылы бірінші балаға 8 316 теңгеден төртінші балаға 12 852 теңгені құрап отыр. Ал 18 жасқа дейін мүгедек балалары бар ата-аналарға үстіміздегі жылы -10,7 млрд. теңге бөлініп отырғанымен де хабардар етті.

я, рас қалада туған балаларына мемлекеттік жәрдемақы ала алмай отырған отбасылар да бар. Құжаттарын дайындай алмай, әр есіктен қажетті жауабын ала алмай, құқығы тапталатын көп балалы ана да бар. Сондықтан, құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында өткізіліп отырған жиын барысында аналардың көкейтесті сұрақтарына тиісті жауаптар берілді.

Бала тәрбиесімен үйде отырған көпбалалы аналарға мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалуда. Сондықтан бала санын шектемей, балдырғандарды дүниге  әкелуде аналарымыз белсенділік таныта бергей.