Оқушылар сарбаз атануға дайын

376
Дала жиыны аяқталды

Биылғы бітіруші түлектердің Ақтаста өткен оқу-дала жиыны өз мәресіне жетті. Жігерліктерімен қатар, физикалық дайындықтарын дәлелдеген жиында әл-Фараби, Абай, Еңбекші аудандарының оқушылары біліктіліктерін байқатты. Алғашқы әскери дайындықтарын іс жүзінде көрсетіп бақты.

Солдат боп, алғаш сап түзеген бұл оқушылар-болашақ отан қорғаушылары. Жас қорғаушының бірінші шарттарынан өтті. Қазір командирлерінің құттықтауын қабылдап алуда. 700-ге жуық жоғары сынып оқушылары денешынықтырып қана қоймай, әскери қызметтің әліппесімен танысыты.

Арман Құлбекұлы, дала-оқу жиынының бастығы: «Оқушылардың ешқандай дайындығы жоқ деп айтуға болмайды. Олар екі жыл бойы алғашқы әскери дайындық пәнінен үйренген. Олардың  формаларының дайындығының өзі, жігерлендіре түседі.  Олар болашақта отанқорғаушылар сапында болатынына сенімдемін».

Жас жауынгер атану оңай еместігін тілге тиек еткен Юрий Коломиец жаттығу жұмыстарынан кейін серпін алғанын айтады. Жеті күн бойы дала-оқуына келгеніне қуанышты. Ол автоматты жылдам жиып қана қоймай, сауатты түрде қолдануды үйренген. Енді спорттық жаттығулардан қалмаймын дейді.

Юрий Коломиец: №36 мектептің оқушысы: «Осы уақыт аралығында қарулардың қалай қолданатындығын үйрендік.  Мен бірер жылда еліміздің ішкі әскер сапында қызмет еткім келеді».

Дала оқу жаттығу жиыны Шымкентте жыл сайын өтеді. Бұл алғашқы әскери дайындық сабағын екі жыл бойы мектеп қабырғасында теориясын жаттағандар үшін сабақ. Жиынға қатысушылардың өздері де осы жиын болмаса суық автоматты қалай ұстайтындығын білмейтіндігіні мойындайды. Шымкент мектептерінде қаруға арналған кабинет болғанымен, оларда оқуға арналған бірде-бір қару жоқ екен. Олар тек суреттен қана оқып келген.

Жанат Тажиева, қалалық білім бөлімінің бастығы: «Ол үшін бізге бюджеттен қаржы бөлінген. Дегенмен бізге, АК-47 оқу автоматын жеткізуші жоқ».

Енді 11-сынып оқушылары мектептеріне оралып, оқуларын жалғастырмақ. Командирдің айтуынша, барлық оқушылардың дайындығы белсенді көрінеді. Енді олар Отан қорғауға дайын, тек денсаулықтары сыр бермесе болғаны.