Шымкенттегі орталық саябақ күрделі жөндеуден кейін қайта ашылды. Көгалдандыру жұмыстарынан бөлек қазір мұнда жаңа субұрқақ іске қосылды. Тәукехан көшесінің бойындағы бірнеше комерциялық нысандар бұзылып,жекеменшік жерлер мемлекетке қайтарылған болатын. Қазір саябаққа кіреберіс көз тартар көркімен ерекшеленіп тұр.

Алғаш кірпіші сонау 1925 жылы қаланған орталық саябақ осы күнге дейін шымшаһардың құнды мәдени қазынасына айналып келген. Мәдени ошақ бірнеше жылдан бері жетім қыздың күйін кешіп келді. Былтырдан бастап қала қазынасынан 82 млн. теңге қаралып саябаққа күрделі жөндеу жүргізіле бастады. Соның нәтижесінде мәдени орталықтан жаңа гүлзар ашылды.

Саябақтың тәуке хан даңғылы бойындағы бөлігі бұдан былай келушілерді ерекше шабыттандырмақ. Жаңа ашылған субұрқақ қала тұрғындарына сергек серпін силаса, жанды дауыстағы оркестр ұжымы рухани демалыс тарту етпек. Жаяу жүргіншілер жолақтары бетондалып, жарықтандыру мен көгалдандыру жұмыстары да реттеліпті. Сонымен қатар мәдени ошақ ыңғайлы орындықтар мен қоқыс сауыттарымен жабдықталған. Декаративті ағаштар отырғызылып, саябақ біршама атына сайланып қалыпты.

Сыдық ӘБУБАКИРОВ, қалалық қазақ тілін оқыту және салт-дәстүр өнерін насихаттау орталығы бастығының орынбасары: «Бұдан была әрп сенбі жексенбі күндері орталық саябақта сағат кешкі 18-00 ден 19-30 аралығында жанды дауысты оркестр демалушыларға жарқын көңіл күй сыйлайтын болады. Мұнда классикалық туындылардан бастап дәстүрлі музыкалар, сондай ақ белгі компазиторлардың танымал әуендері шырқалатын болады. Қала тұрғындары келіп жан түниесін тынықтыруға үлкен мүмкіндік алды».

Аралбай БАЙСАПАРОВ, қала тұрғыны: «Біраздан ері орталық саябақтың тағдыры қала тұрғындарын қатты алаңдатып келген еді. Бүгін міне саябақтың қайта жаңғырғанына куә болып отырмыз. Мұнда әсіресе қариялар көп дем алады. Осындағы шахмат клубында таңнан кешке дейін көңіл сергітіп таза ауамен тынығатын ақсақалдар дән риза. Қазір саябақтың іші айнадай тап таза. Қала жұрты да әсте істе мәдениеттілікке үйреніп келеді. Қазір жастар бұрынғыдан көп қоқыс тастамайтын болған. Бұл да болса қоғамдық тәрбиенің жемісі».