Шымкентте жалған нөмір тағу сәнге айналып барады

266

Қымбат көлік иесі мен оның жолдастары погондыларға бағынбай қарсылық көрсеткен.

Шымкентте жалған нөмірлі көліктер көбеюде. Бауыржан Момышұлы даңғылының боиында жедел уәкіл қызметкерлері «Лексус» автокөлігін тексерді. Көлік иесінің серіктестері құжат талап еткен құқық қорғаушыларға дөрекілік көрсетті. Оқиға орнына патрульдік полиция полкінің екі экипажы көмекке шақырылды. Анықталғандай, көліктегі мемлекеттік белгі оған тиесілі болмай шықты.

Бұл көлік «470» санды нөмірмен тіркелген. Мұнымен қоса, көліктен тапанша мен полицейлерге тиесілі рация құралы табылды. Жүргізуші оқиға орнынан қашып кетіп, сақшылар оның жолдасын ұстап үлгерді. Көлік те, ұсталған азамат та ОҚО ІІД-не жеткізілді.

Ұсталған көлік иесінің досы: «Мен достарыммен тұрғанымда екі жігіт келіп көліктің құжатын сұрады. Біз олардың полиция қызметкері екенін білмедік. Кейінен сөзге келіп қалдық. Содан арнайы екі автокөлікпен потрульдік полициясы полкінің қызметкерлері келіп ұстап алды.Көліктен раця шықты.Не болып жатқанын түсінбей отырмын».