Шымкенттегі апатты үйлерде жөндеу жұмыстары жүргізілуде

277

Еңбекші ауданында 8 апатты жағдайдағы үйдің 3-еуінде жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Уәлиханов көшесіндегі 40 жыл бұрын салынған үйдің іргетасы мен подъездердің біріндегі сөгілген қабырғаны нығайту қажеттігі туындаған. Қалпына келтіру ісіне жергілікті бюджеттен 27 млн. теңге бөлінді.

Мердігерлер құрылыс жұмыстарын маусым айының соңында аяқтауды жоспарлап отыр. №200 үй пайдалануға 1970 жылдардың ортасында берілген. Он жыл өткенде қабырғалардың тоғысқан жерінде пайда болған сызатты бекіту жұмыстары жүргізілген. Енді 30 жыл бойы апатты жағдайда тұрған үйді жөндеуге биыл жергілікті бюджеттен 27 млн. теңге қаржы бөлінді.

Данияр Бекманов, Люскойл ИК ЖШС учаске бастығы: «Қазіргі таңда суды бұрып ағызып жіберетін жұмыстарды аяқтауға жақынбыз. Сосын мына подъездегі қабырғаларды күшейтеміз. Сосын пәтерлерге көшеміз. Тозығы жеткен шатырды да жөндейміз».

Тұрғындардың мәлімдеуінше негізгі қабырғалар тоғысқан жердегі жарық жертөлеге жиналған судың салдарынан пайда болған. Құрылысшылар үйдің іргесінен 2 метр жерден 40см тереңдікте тас төсеп, таптады. Уақытша қолайсыздықтар жайлы үй тұрғындары ескертілген.

 Нұрлан БЕКТҰРСЫНОВ, Еңбекші аудандық әкімдігінің бас маманы: «Облыс әкімінің тапсырмасымен  халықпен кездестік. Құрылысқа қажет болса, пәтерлерін босатып беруді сұрандық. Рұқсаттарын алып, төтенше жағдайлар және  қалалық коммуналдық шаруашылық бөліміне өткіздік».

Осындай апатты жағдайдағы үйлердің саны Еңбекші ауданында — 8. Олардың үшеуінде жөндеу жұмыстары басталып кетті. Игі бастаманы қолдайтындар да, құрылысты қаламайтындар да бар.

Михаил Дворкин, Ш.Уәлиханов көшесіндегі №200 үйдің тұрғыны: » Соңғы рет  үйімізде  сейсмикалық күшейту жұмыстары 80 жылдары  жасалған. Сызат болса да, үй тұр ғой құламай-ақ»
Нұрлан Бектұр, үй комитетінің төрағасы : » Біз  әкмдік және құрылысшылармен  қоян-қолтық жұмыс атқарудамыз. Қандай да кемшілікті байқасақ, сол арада айтып, жөндетеміз. Билік пен мердігерлердің жұмысына  ризамыз».

Жұмыстың қаншалықты сапалы жүргізілетіні уақыт еншісінде. Құрылысшылар нысанды жоспарланған мерзімнен бұрын шілде айының басында бітірмек. Осы тұрғыда Шымкент қаласындағы сейсмикалық күшейтуді талап ететін, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілетін үйлердің тізімін беруді жөн көрдік.

1. Манкелдин көшесіндегі,   №36 үйде/ 1968 жылы салынған/ іргетасын, қабырғаларын күшейту жұмыстары жүргізіледі, су, кәріз, жылу жүйелері жөнделеді. Мердігер компания  «Старт Строй» ЖШС, бөлінген қаржы көлемі 89 788 459 т.

2. Темірлан тас жолы, 43 үй/1989 жылы салынған/ шатыры жөнделеді, іргетасы мен қабырғаларын күшейту жұмыстары жүргізіледі, су , кәріз, жылу жүйелері жөнделеді. Мердігер — «СТК» ЖШС, бөлінген қаржы  18 126 906т.

3. 18 шағынаудандағы,  №12 үй /1980 жылы салынған/ іргетасы мен баспалдақты күшейту жұмыстары жүргізіледі.   мердігер «А-С-Строй групп» ЖШС, бөлінген қаражат 36 834 404 т.

4.Республика даңғылы, 2 үй / 1962 салынған / іргетасын күшейіргетасын , қабырғаларын күшейту жұмыстары жүргізіледі  және  су , кәріз, жылу жүйелері жөнделеді- мердігер компания » СтартСтрой» ЖШС, құрылысқа бөлінген қаржы көлемі  68 336 395 т.

5.18-ші шағынаудан ,63 -а үй /1982 жылы салынған /  шатыр жөнделеді, баспалдақтарды күшейту жұмыстары жүргізіледі және су, кәріз, жылу жүйелері жөнделеді.

Жөндеу жұмыстары жоспарланған 7 тұрғын үй :

1. 17-ші шағынауданындағы, №1 үй,

2. 17 ші ш/а , №11 үй;

3. 18-ші ш/а, №15 үй;

4. 17-ші ш/а  №13 үй;

5. 18-ші ш/а №3 үй;

6. Бейбітшілік көшесіндегі 8 үй;

7. Гоголь көшесі №158 үй;