Сарыағаш ауданының кішкентай тұрғыны Ақмаралдың дерті туралы ата-анасы қызының үш жасқа келгенінде білген. Айналасындағы өзге балалар күн сайын өсіп, салмақ қосып, томпаңдап жүрген шақта кішкентай Ақмарал оңала алмай-ақ қойыпты. Кей кездері көгеріп талып қалады, ауа жетпей тынысы тарылады. Сөйтсе, Ақмаралдың жүрегінде ақау бар екен. Ақау болғанда қандай?
Перзентіне көмек көрсеткісі келген ата-анасы талай таңды таңға ұрды. Ойларында шет елге апарып, ота жасату да болды. Бірақ, бір ғана жалақымен күн көріп отырған отбасында қыруар қаржы қайдан болсын. Ауыл маңындағы ауруханаларды жағалайды. Осылай жүріп, Ақмарал 8-ге де келеді. Денсаулығы әлі түзелген жоқ. Жүрегіндегі тесігі бітелер емес. Сарыағаш аудандық орталық ауруханасының дәрігерлері облыстық кардиоорталықтың базасында балалар кардиохирургиялық бөлімшесінің ашылып, сәтті жұмыс жасап жатқандығын ескеріп, Ақмаралдың ата-анасына бір жапырақ қағыз береді. Шұғыл арада ота жасату керек. Жолдама қолда, көңілде күдік, жүректе үміт…
«Тетрадо фало» кардиоорталықтың дәрігерлері өрімдей қызға осындай диагноз қояды. Жүрек жетіспеушілігінің ауыр түрі. Жүрек тамыры жарылған. Ағзада үздіксіз айналып жүретін қан жүректегі тесіктен сыртқа ағады да, баланың тынысы тарылады, әлсіреп, әлжуазданады. Ауруханаға келіп түскен екі күннен кейін Ақмаралды ота бөліміне алып кетті. Өзінің жүрегі тоқтатылды. Ол қызметті арнайы аппарат атқарды. Операция екі сағаттан соң аяқталды. Ақмаралдың жүрегін дәрігерлер қайта «оятты». Жағда