Жол көлік апатынан жүргізуші әйел ауруханаға түсті

384

Шымкент қаласы Қазыбек-би көшесі мен Орманов көшелері қилысында екі автокөлік соқтығысты. Соққы салдарынан 1 адам жарақаттанды.

Сағат шамамен 19-30 да ЖПБ-ның кезекші бөліміне Қазыбек-би мен Орманов  көшелері қиылысында VW Golf  автокөлігімен  Nissan Primera көлігі соқтығысқаны жайлы хабар келіп түскен. Оқиға басына келген  жол полициясының инспекторлары  жүргізушілерден көлік құжаттарын көрсетуін талап еткенде, Nissan маркалы көліктің жүргізушісі құжат көрсетуден бас тартқан.

Nissan авиокөлігінің жүргізушісі: «Мен құжаттарымды сіздерге көрсете алмаймын. Өйткені, ағам көрсетпе деп түсіндірген. Бірақ құжаттарым түгел».

Көліктердің қақтығысынан Nissan автокөлігі жол жиегіне шығып кетіп, жол бойында орнатылған орындықпен жарық шамын қиратып барып тоқтаған. Тұрғындардың мәліметінше, әдетте осы орындықта демалып отыратын. Қуанышқа орай апат болған кезде бұл орындықта ешкім болмаған.

Жергілікті тұрғын: «Осы жерде біраз жылдан берім тұрамын. Бұл көшеде күн ара көлік апаты орын алады. Апаттарды санынан шадастым осы кезде. Міне бүгін отыратын орындығымызды қиратып тастады. Негізі Қазыбек-би көшесімен Орманов көшелері қилысына бағдаршам қою керек».

VW Golf автокөлігін әйел кісі басқарған. Айта кету керек бұл көлік екінші дәрежелі көшемен жүріп келген. Қатты соққыдан Golf автокөлігінің жүргізушісіне медициналық жәрдем қажет болған.

VW Golf автокөлігінің жолаушысы: «Біз Қазыбек-би көшесінен өтіп бара жатқанда, оң жағымыздан қара көлік келіп соқты. Ол қатты жылдамдықпен келді. Көлікті тоқтатуға әрекет жасамады».

Бұл апаттың ақ  қарасын ЖПБ-ның анықтаушылары тергеитін болады. Қазір тергеу амалдары жалғасуда.