Жылыжайларға бай Оңтүстік өңірінде қияр мен қызанақтың бағасы өршіп тұр

579

«Жаңа шаһар» шағын базарының сөрелеріндегі көкөністердің басым бөлігі сарыағаштық шаруашылықтардікі. Мұндағы сатушылардың айтуынша өнім неғұрлым көп болса, баға да айтарлықтай арзан болады.

Қарлығаш Қаппарова, сатушы: «Өткен аптада қиярды 380-400 теңгеден саттық,   Сарыағаштық қиярлар келіп, баға біршама түсті. Қияр қазір 180-200 теңгеден саудалаудамыз. Қызанақтың бағасы 380-420, өйткені аз».

Эргешова, тұрғын: «Шекара жабылып, Ташкенттен көкөніс келмей қалды. Бұрын осы мерзімде қызанақ, қияр, жемістер арзан бағамен сатылатын еді. Бағалар тым қымбат , зейнетақымыз әзер жетеді. Немереліміз бар өзімізге де дәрумен керек, амал нешік аз болса да сатып аламыз».

Ал мына  Шәкеновтар отбасы қала іргесіндегі 2 гектар жерінде өсірілген өнімдерін саудалауда. Делдалсыз болғандықтан шалқан мен пияздың бағасы біршама арзан.

Гүлмира ШӘКЕНОВА, диқан: «Қияр мен қызанақ көтерме сауда орындарынан әкелдік, себебі өзіміздің еккен. Қиярлар мен қызанақтар әлі піскен жоқ».

Былтыр жылыжайдан 70 тонна өнім алған Шухрат биыл да сол межеге жетеміз деп жоспарлауда. Дихан осы жылы қызанақ отырғызуда күзге қалдырыпты. «Кәсібімізді дамыту үшін субсидияға құжаттарымызды тапсырған болатынбыз. Алайда мамыр айы ортасынан ауды, әлі еш нәтиже жоқ. Билік тарапынан қолдау мерзімінде болса өнім де көп болар еді»,- дейді кәсіпкер.

Шухрат Пірімқұлов, кәсіпкер: «Субсидияға құжаттарымызды тапсырдық, бірақ қаржы алған жоқпыз. Көмір алу керек еді. Оны жазда сатып алсақ, арзан түседі. Сосын қыста жылы жайлардағы температураны қалыпты жағдайда ұстауға мүмкіндік болады. Жергілікті билікке ұсынысымыз  субсидияны ерте көктемде берсе. Қиярды қазір шымкенттегі базарларға тапсырудамыз келісін 150 теңгеге. Астанадан да тапсырыстар  түсуде».

Қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің берген мәлімет бойынша биыл көкөніс 170 гектар жерге егіліпті. Оның ішінде қызанақ 50 гектарға, қияр 40 гектарға, пияз 50 және сәбіз 30 гектарға. Оған қоса, 12 гектарда жылыжай бой көтерген. Жыл сайын жоспар артуда алайда қаладағы шаруашылықтар шымкенттіктерді толық көкөніспен қамти алмай отыр. Оның үстіне көкөністерін қандай бағамен және қайда сататынын дихандардың өздері біледі.

Жәнібек ТОҒАЙ, қалалық кәсіпкеолік және ауыл шаруашылығы бөліміндегі ауыл шрауашылығы секторының меңгерушісі: «Агроқұрылымдарға мына жерде сатыңдар мынадай бағамен деп айта алмаймыз. Құқығымыз жоқ. Құзырымызға тек түсіндіру жұмыстары кіреді. Субсидия не несие алғанда кәсіпкерлерге, шаруашылық төрағаларына     дайын өнімдерін өз өңірімізде сатуға ұсыныс жасаймыз».

Үкімет тарапынан қаржылай қолдау алған шрауашылықтарға дайын өнімді қайда және қандай бағамен сату міндеті келісім шарттарда нақты бекітілсе, жағдай біршама реттелер ме еді. Бір жетіде дала алқаптарында егілген қияр піседі. Бұл — өз кезегінде бағалардың айтарлықтай төмендеуіне әсерін тигізетіні анық. Яғни, енді тек аудандарда жеткізілетін өнімдерді күтуге тура келеді.