Жол ережесін өрескел бұзған жүгенсіз жүргізуші қарсы жолаққа шығып кеткенін видеоға түсіріп алған.
Полицейлер әлеуметтік желілерді бақылай отырып, Nexia көлігі қарсы жолаққа шығып кетіп, басқа көліктерге кедергі келтірген видеоны анықтады. Белгілі болғандай, оқиға Жетісай өңірінде болған.
Көлік жүргізушісі Мақтаарал ауданының тұрғыны болып шықты. Оған қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды. Көлік қамауға алынды.