Адам өміріне қауіпті көпқабатты үйлер жөнделуде

Адам өміріне қауіпті деп саналған №36 көпқабатты үй

Қаламызда көпқабатты тұрғын үйлерді күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда. Қазір құрылысшылар алты нысанды жөндеп жатыр. Жоспарда әлі жеті үй бар. Соның бірі- Мангельдин көшесінде гі 45 жыл бұрын салынған мына 36-үй екі жылдан бері қауіпті деп танылған. Оның қабырғалары жарылып, плиталары бір-бірінен ажырап кеткен. 120 тұрғынның өміріне қауіп төндірген үйді жөндеу жұмыстары сәуір айында басталды. Құрылысшылар жарылған қабырғаларды бекітіп жатыр. 

«Бұл үй бірнеше жылдан бері күрделі жөндеуді талап етіп отырған. Отызға жуық құрылысшы он тоғызынша сәуірден бастап, жұмыс жасап жатырмыз. Кәріз жүйелерін ауыстырамыз, жертөлені судан тазарттық. Енді шатырды ауыстырып, қабырғаларды сырлаймы»,- дейді «СтартСтрой» ЖШС-нің прорабы Серік Пуатов. 

Жертөледе де жұмыс қызу жүріп жатыр. Құрылысшылар үйдің шөгіп, сызат түскен қабырғаларының әсерінен жарылған кәріз жүйелерімен қоса су, жылу құбырларын да ауыстыруда. Сонымен қатар, бір метр тереңдікте цемент құйып, іргетасты бекітпек. Құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан «Старт Строй» компаниясы егер жертөлеге қайта су жиналмаса, іс сапалы шығаде деп сенеді.

Тұрғындардың атқарылып жатқан жұмыстарға көңілі толады. Ауламыз тазарып, айналамыз тынышталса болды дейді.

«Бұған дейін біздің жертөледе қоқыстар да болы болатын. Қаңғыбастар ба осы жерді паналайтын. Су құбырлары жарылып, тұрғындарды әбігерге салды. Енді осыны бәрін жасап берсе, жақсы болар еді»,- үй тұрғыны Карима апа.

Тұрғын үйлерді жөндеу жұмыстары тамыз айының соңында толықтай аяқталуы тиіс. Жалпы, биыл Шымкент қаласы бойынша 13 көпқабатты үйге күрделі жөндеу жүргізілетін болады. Бұл мақсатта қазынадан 600 млн. теңге бөлінген.