«Балауса 2012» ән-би байқауы басталды

660

Шымкентте «Балауса – 2012» республикалық ән-би байқауы басталды. Балалар күніне орайластырылып өткізіліп отырған байқау 2 күнді қамтиды. ОҚО Балалардың құқығын қорғау департаменті «Нұо Отан» ХДП-ның Шымкент қаласының Еңбекші аудандық филиалымен бірлесіп, патриоттық тәрбиені қалыптастыру мақсатында қолға алып отыр шараны.

«Балауса» республикалық ән-би байқауы биыл 15-рет өткізіліп отыр. Яғни аталған байқаудың 2012 жыл – 15 жылдығы. Сондықтан республикамыздың Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Өскемен, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облысынан аудан-қалаларынан жалпы саны 70-тен астам балалар қатысты.

Сахнаға ең алғаш болып шыққан Жамбыл облысының намысын қорғап шыққан әнші Мадина Ералиева болды. 1-нөмірмен сахна шымылдығын ашу қорқыныш тудырмағанын айтты 17 жасар өнерпаз.

Мадина Ералиева, үміткер (Жамбыл облысы): «Іріктеу Шымкент қаласында өтті. Талмай-тынбай дайындалғандықтан болар, іріктеуден еш сүрінбедім. Дос болып қалдым барлық қатысушылармен. Барлығы сахнаға бірінші болып шығатын болғандықтан, маған сәттілік тіледі. Десе де алғаш қобалжығаныммен, көпшілік ортасына шыққанда шапалағы шабытты шақырып, барлық уайым-қобалжу артта қалды. Ойымдағыдай орындап шықтым. Ендң қазылар алқасы дұрыс бағалайдыдеп сенемін.Ал өзге де қатысушыларға тек сәттілік тілеймін!»

Жүсіпова Ғалия, ОҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаменті: «Әрине, бұл байқау – бүкіл Республика балдырғандарының асыға күтетін, асыл байқауы. Бұны олардың талпынысынан, ынтасынан, асға күтеміз деген пікірлерінен анық аңғарасың. Бұл — болашақ жұлдыздардың баспалдағы болған байқау. Себебі, көптеген елге кеңнен танымал эстрада жұлдыздары — Алмас Кішкенбаев, Қайрат Түнтеков, Мөлдір Бақытжанқызы, Асқар Жүнісбеков, Айжан Қыдырбек пен би саңлақтарымыз — «Мейрам», «Согдиана», «Седьмой континент», «Жұлдыздар» би топтары нәтижесі деп білемін».

Айта өтейік, екі күнге созылған меркелік байқауға қатысып бас жүлде, бірінші, екінші және үшінші орын иеленген балалар мен жасөспірімдерге демеушілер тарапынан бағалы сыйлықтар және байқаудың лауреаты атағы беріледі. Сонымен қатар «Ең жас әнші», «Жеңіске деген құштарлығы үшін», «Байқаудың аруы», «Көрермендер көзайымы» номинациялары тағайындалады.

Меркелік іс-шараға «Нұр Отан»ХДП-ның облыстық, қалалық, аудандық филиалы басшыларының орынбасарлары, облыс әкімдігінің және білім саласының қызметкерлері мен облыстық, қалалықмәслихат депутаттары, сондай-ақ Шымкент қаласының мектеп оқушылары арнайы шақырылып, меркелік іс-шараны көтеріңкі көңілмен тамашалауда.