Контрафактілі дискілер жойылды

Авторлық құқық пен зияткерлік меншікті қорғауға кіріскен әділет департаменті 13-маусымнан бері заңсыз сауда орындарымен күресіп келеді. Рұқсатсыз көшіріліп басылған ДVD табақшаларын сатушыларды ұстап, сотқа берген. Олардың басым бөлігіне әкімшілік шара көрілді. Ал тәркіленген тауарды әділет департаментінің мамандары өртеп жіберді.

Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік соты, бұл азаматшаны кәнілі деп шешті. Ол көшеде ашық түрде контрафактілі өнімді сатып келген. Арнайы рейд жұмыстары барысында 100 мыңға жуық дискілер тіркелініп алынып, 80 азамат әкімшілік құқық бұзған.

Салтанат Нұрымбетова, әділет деапартаментінің зияткерлік меншік бөлімінің бастығы:«Заңсыз жолмен дискілерді көшіріп, сатумен күрес мезгілдік емес. Енді, түбегейлі күресеміз. Бұған әкімдіктер қызметкерлері де атсалысып отыр. Екі жақты жұмыстың нәтижесінде контрафактілі өнімдердің жолына балта шабылады. Ешкім жауапсыз қалмайды».

Заңсыз контрафактілі табақшаларды сатушылар 1,5 млн. -ға дейін айыппұл төлейді. Ал сатушы Шолпан өз ісінің заңсыз екенін білмеген. Бұрын-соңды сауда жасап көрмегендігін айтып ақталады. Бала-шағаның қамымен дискі сатуға бел буыпты. Алайда, заңды білмеушілік Шолпанды жауапкершіліктен босатпады.

 Шолпан, айыпталушы:«Күніне 1500-2000 теңге аралағында табысы бар. Біз де біреулерден көтерме бағадан сатып аламыз. Заңсыз тірлік ұзаққа апармайды екен. Кінәмді толық қанды мойындаймын».

Сот отырысынан кейін, тәркіленген ДVD табақшаларының күлі көкке ұшты. Арнайы бензинмен өртеген құқық қорғаушылар 100 мыңға жуық көшірмелерді әб-сәтте күлге айналдырды. Отқа аты шулы фильмдер мен бағдарламалардың, ойындардың заңсыз қорабы лапылдап жана кетті.

Контрафактілі өнімдердер қаланың тек орталық көшелері ғана, тазарып үлгерді, әзірге. Сондықтан да әділет қызметкерлері рейд жұмыстарының уақытын қайта ұзартты. Уақытша көзбояушылық емес, енді шынайы тексеріс құдайдың құтты күні де жалғасын таба бермек.