Мұхтар Шаханов 70 жаста

657
шымкентте Мұхтар шаханов баспасөз-мәслихатын өткізді

Бүгін Алексендр Пушкин атындағы облыстың әмбебап кітапханасында Қазақстанның халық жазушысы, ақын Мұхтар Шаханов баспасөз-мәслихатын өткізді. Өз басынан өткерген қиындығы мен ұлттық рух турасындағы күресін айтты көпшілік алдында. Тіпті ұсынылған атақ-абырой мен медальдардан бас тартқанын тілге тиек етті.  Айта өтейік, биыл 70-ті алқымдаған ақын торқалы тойын Оңтүстіктен бастағанды жөн көріпті. Кешкі сағат 5-те Төлебидің төрінде шығармашылық кеші өтті ақынның. Ауқымды шара сенбі күні өңіріміздегі Жұмат Шанин атындағы қазақ драма театрында жалғасын табады деп күтілуде. Әдеби кешке Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері, жазушы, Мереке Құлкенов, ақын Төлен Әбдіков, композитор Қалдыбек Құрманәлі, зиялы қауым өкілдері, мәдениет, өнер, білім салалларының қызметкерлері, соғыс және еңбек ардагерлері қатысатын болады. 

Шымкентте Мұхтар Шаханов баспасөз-мәслихатын өткізді

 Мұхтар Шаханов, Қазақстан Республикасның халық ақыны: «Егер мен осы сіздер үшін күреспегенімде, биіктегілерге қарсы шықпағанымда, үндемей жайыммен жүре бергенімде, сіздер орыс тілді шалақазаққа айналар едіңіздер. Бастысы дәл осы отырған орындарыңызда отырмас та едіңіздер. Айта өтейін, мен ешқашан билікке, абыройға қызыққан адам емеспін. Мәселен, маған халық қаһарманы атағын да ұсынды. Алайда мен бас тарттым. Себебі, мен мансап үшін өмір сүрмеймін. Менің көксегенім — елімнің амандығы, тілімнің, ұлттық рухымыздың көгерген. Дәл қазіргі уақытта Қазақстандағы ұрылардың ұрысында 5 орден-медальдан бар, ал мен олармен теңеспес үшін барлық марапаттаудан бас тартуыма тура келді.  Бұл ісіме мақтанамын. Ешқашан елімнің төмен қарауына жол бермеймін. Ұлтымыздың қанат жаюына жағдай жасау үшін өмір сүрудемін».

Ақын Мұхтар Шаханов бұл күні көпшілік алдында жаңа жырларын да оқып берді. Және бұл қандай мақсатта жарық көргенін,  жазылу тарихына да кеңінен тоқталды. Әрбір жырдың тереңінде бір ақиқат пен көзбояушылықпен күрес жатады джеп түсіндірді ақын.