Евгений Ваганович Петросян юморист, РФ халық әртісі, тележүргізуші Шымкентте жеке шығармашылық концерт бермекші.

Әзілкеш Петросянның кеші 19-маусым күні Шымкент қаласындағы Циркте болады. Билет бағасы 2 мың теңге және 6 мың теңге арасында.

Азербайжанның Баку қаласының тумасы өзінің шығармашылық жолын 1962 жылы бастаған.  «Мосгосконцертте» 1969-1989 жылдары Леонид Утесовтің жетекшілігіндегі Мемлекеттік оркестрдің жүргізуші конференьсе қызметін атқарған.

1970жылы 4-ші Бүкілодақтық эстрада әртістерінің байқауында лауреат атанды. 1985 жылы РСФСР Еңбек сіңірген әртісі атағына ие болды.  1991 жылы РСФСР Халық әртісі атанды. Эстрадалық  клоунада, синхробуффонада түрлі  интермедиялардың хас шебері монологтың да майталманы.