Сәуле шағынауданының тұрғындары ешқайда көшпейміз де, кетпейміз де деп отыр. Шағын ауданның дәл ортасынан өткен «Павлодар-Шымкент» мұнай құбыры мен тұрғындардың үйлерінің арақашықтығы 25 метр. Алайда бұл арақашықтық 150 метрді құрауы тиіс екен. Баспана тұрғызып, шаруашылығын бекіткен кезде бұл қандай шешім деген сәулеліктер кейіннен шыққан талапқа наразы.
Басы жиырма аяғы он жыл бұрын қоныстанған тұрғындар, соңғы екі жылдан бері «Қазтрансойл» акционерлік қоғамымен соттасуға мәжбүр. Тұрғындардың діттегені жері мен баспанасы болса, акционерлік қоғам мұнай құбыры жүргізілген аумақтағы арақатынасты сақтауды талап етеді жергілікті биліктен. Былтыр 25 метр қашықтық болады деп шешіп берген соттың қаулысын, жоғары сот қайта қарауға жіберген.
Бижігіт Қалдаров, «Сәуле» шағынауданының тұрғыны: «Былтырғы соттың шешімі бойынша 25 метрге дейін ішкі кіруге болмайды. Ал биыл ол шешім қайта қаралып, 150 метр болыпты. Сонда осында қоныстанған тұрғындар не істемек? Бала-шағасыны шулатып қайда бармақ? Қара халықтың қамын ойлап отырған бір адамды көрмедік».
Осы аумақтан жүргізілген «Павлодар -Шымкент» магистральды құбырдың диаметрі 820 милиметр. Бұл тұрғындар үшін қауіпті дейді «Қазтрансойл»АҚ-ның өкілдері. Олардың айтуынша, жергілікті жер комитеті мамандары жіберген қателік тұрғындар жапа шектіріп отыр.
Еркін Абдуллаев- КазТрансойл»АҚ шығыс филиалы шымкент мұнай құбырлары басқармасы мұнай құбырларын пайдалану қызметінің бастығы: «Кемшілік жер берген ұйымдардан. Себебі оларда қаланың картасы бар, ал ол жерде мұнай құбырлары өткен жердің сызбасы бар. Олар мұнда көрсетілген 150 метрді жақсы біледі. Олар айтады, сендер мұнай құбырлары өтетін жерге мемлекеттік акті алыңдар деп. Сол кезде біз тұрғындарға жер бермейміз дейді. Олары да заңсыз. Өйткені мұнай құрылысы өткен жерде құрылысты 150 метрден кейін бастау керек. Біздің акционерлік қоғамның олардың барлығына жер алып беретін жағдайы жоқ. Біз кезінде сол мұнай құбырларын Қазығұрттың әшәне кіргізбей, сырттан айналдырып өткізбекші болғанбыз. Соған жер беріңдер деп сұранғанбыз да. Олар жер тауып бере алмады. Айналдырып бәрін беріп қойған.Оның үстіне 38 километр айналып кететін болдық. Ол қырауап қаржыны талап етті. Енді, заң бойынша біздікі заңды».
Ашу мен ызаға булығып, баспанасы үшін араша сұрап сәулеліктер қалалық әкімдіктің алдына да жиналыпты бүгін. Халықтың жан айқайымен етене таныс қала басшысының орынбасары Бахадүр Нарымбетов арнайы келген тұрғындарды қабылдап, олардың ешқайда көшпейтіндіктерін жеткізді.
Бахадүр Нарымбетов, қала әкімінің орынбасары: «Қаланың көлемі ұлғайып бара жатыр. Қаланың көлемі өсіп, кеңейіп барады. Бүгінгі таңда «ҚазТрансойлдың» мұнай құбырларын қаланың сыртына шығару туралы ұсыныс айтылды. Оны сол акционрелік қоғамның осы жердегі басшысы да қолдап отыр. Енді жергілікті әкімдікпен бірге олардың басшылығына хат жолданатын болады. Шын мәнінде ондай қатты қысымды құбырлар қаланың сыртына өткен дұрыс. Біздің ойымызша, бұл мәселе оңды шешіледі. Халықтың үйлері бұзылуға алып бармайды деп ойлаймын.»
Халық биліктен уәдесін алды. Ал сот қандай шешім шығарады, оны білетін күн де алыс емес.