театр маусымы жабылмақ, апта бойы шымкенттіктерді спектакльді тамашалауға шақырамыз

Шымкентте Шәмші Қалдаяқов атындағы аллеяда ОҚО әкімдігінің ұйымдастыруымен Халықаралық «Әзіл әлемі» фестивалі өтеді.  20 маусым күні сағат 20-30 да басталады.

Күлкі кешіне Жапония, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан әзілкештерімен бірге қазақстандық «Базар жоқ» әзіл-сықақ театры, «Өнер қырандары», «Шаншар», «Алдараспан», «Шымкент шоу» қатысады деп күтілуде.

Әзіл кешінің жүргізушілері  «Шаншар» әзіл-сықақ театрының директоры Уәлибек Әбдірайымов пен «Базар жоқ» театрының директоры Тұрсынбек Қабатов.

«Әзіл әлемі» халықаралық фестивалінің қадірлі қонақтары жапониялық Ясума  Ассама,өзбекстандық Хандулят, ресейлік Евгений Петросян т.б.