Шымкенттіктерге 60 кәсіпорын өз өнімін ұсынды

221
Шмыкентте "Индустрияландыру күні" атап өтілді

Бүгін қаламыздағы әл-Фараби алаңында “Индустрияландыру күні” көрмеcі өтті. Жәрмеңке-көрмеге 60-тан астам кәсіпорындар, шағын және орта бизнес өкілдері қатысып, өнімдерін көпшілік назарына ұсынды. “Бизнестің жол картасы — 2020” бағдарламасы аясында облыс бойынша мақұлданған 170 жобаға мемлекеттен 5,25 млрд.теңге көлемінде қаржылау қолдау көрсетілген. 3766 кәсіпкер арнайы курстарда оқыды. Айта өтейік, 2011 жылы аймақтағы кәсіпорындар 7,4 млрд. теңгенің өнімі өндірілген еді. Ал биыл жалпы құны 2 млрд.теңгені құрайтын 10 инвестициялық жобаны іске қосып, шамамен 800 жұмыс орнын ашу көзделуде. 

Қазақстанда жасалған! Осындай ұранмен көпшілік назарына ұсынылған азық-түлік өнімдері, тұрмысқа қажетті бұйымдар мен техникалық құралдардың барлығы өлкемізде өндірілген. Кәсіпорындар, шағын және орта бизнес мекемелері өз дүниелерін әкеліпті бүгінгі шараға.

Сондықтан болар, өзіміздің өнімдерді тамашалауға келгендердің  қарасы қалың. Айта кететін маңызды жәйт, өңіріміздегі индустрияландыру картасы аясында 79 жобаға 350 миллардқа жуық қаражат қаралыпты. Ал жұмыспен қамтылған азаматтардың саны мыңдап саналады.

Шәмші Досқараев, қала тұрғыны: «Өзіміздің өнімдерді тұтынғанға не жетсін! Сондықтан, жергілікті өндіріс орындарының өркендеуіне тілектеспін. Бүгінде жәрмеңкеден түрлі дүниелер сатып алып жатырмыз. Әсіресе, үй тұрмысына қажеттілерін. Айтпақшы, техникалыз құралдармен де танысып, біздің өңірімізде де мұндайларды жасауға болатынына қарап-ақ тәнті болудамын. Алдағы уақытта да жұмыстары жемісті болсын! Өзге елдердегі сапасыз әрі қымбат дүниелерді сатып алғанша, өзіміздің төл таурларымызды алу маңызды екенін айтқым келеді». 

Бақытжан Сәтенов, қала тұрғыны:»Бүгін жәрмеңке-көрме өтеді дегенді естіп, қуана келдік мұнда. Дәптер мен қалам сатылып жатқан орынға барсам, олар арзан бағада саудалап жатыр. Дәптерге үңілсем, өте ұқыпты әрі әппақ парақтары көз тартады. Соған қарап-ақ жергілікті өнімдердің  қаншалықты құнды екенін байқадым. Ал мынау құлдырап, қайта қолға алынған өнідіріс  орындарының гүлденгенін көріп сене алмай отырмын. Бұл да болса мемлекеттің дамуға бастаған даңғыл жолы деп білемін. Сондықтан, индустрияландыру картасы аясында көптеген ауқымда шаралар атқарылыпты және атқарыла береді деген сенімдеміз!»

Оңтүстік Қазақстан облыстықкөлік жасау зауыты бүгінде шегеден бастап үлкен техникаларға дейін құрастырады. Қаражат тапшылығын тартып, жабылуға сәл-ақ  қалған өндіріс орны қазіргі уақытта мемлекет қолдауымен аяғына нық тұрып, 171 адамды жұмыспен қамтып отыр. Жалақысы да жаман емес. 60 мың теңгеден 80 мың теңге аралығында. Десе де алдағы уақытта бұл жалақы төлемін жоғарылатамыз дейді акционерлік қоғам басшылығы.

Мақұлбек Тұрғанбеков, «ОҚМЗ» АҚ  директорының орынбасары: «Иә, шынымды айтсам, бұо индустрияландыру бағдарламасының  бізге берген пайдасы орасан. Тіпті бізді банкроттық жағдайдан құтқарды. Осы күні өрлеп, гүлденуімізге де өзіндік себін тигізіп жүр. Сондықтан, біздің аяқтан тұрып, сапалы өнім шығарып, халықтың сұранысына жауап беруміз де осы индустрияландыру картасының нәтижесі деп білемін. Сондықтан,мемлкет тарыпнан жасалған қолдауды құп көремін». 

Бұл күні индустрияландыру картасы аясында жергілікті билік пен өндіріс компаниялары өзара меморандумға қол қойды. Алдағы уақытта өндіріс орындары қолға алған жұмыстарын жасайтын болады. Жыл соңына дейін жалпы құны 2 млрд. теңгені құрайтын 10 инвестициялық жоба іске қосылып, 800 жұмыс орны ашылады деп күтілуде.