Жазғы шілде әлі түскен жоқ, алайда, күн шыжып тұр. Соңғы күндері Шымкент пен облыс аудандарында аптап ыстық күшіне мінген. Оңтүстікте бұл күндері ауа температурасы +41 градусқа дейін жетіп отыр. Дәрігерлердің айтуынша, ыстық температура адамның жүйкесіне салмақ түсіреді. Содан тез шаршау, әлсіздік, бас айналу көбірек мазалайды. Аптапты әсіресе қарт адамдар мен жас балалар көтере алмайды. Сондықтан, абай болыңыздар
Жомарттар әулеті бірге аптап ыстықта Қошқар ата өзенінің бойына келіп саялайды екен. Жаз басталғалы анасымен осы аймақта шомылуды әдетке айналдырған. Мұнда тегін, әрі уақыт та шектеулі емес.
Қымбат Жомарт: «Күн ыстық қой. Күнде осы Қошқар атаға келіп шомылып қайтамыз. Анам аквасаябаққа қымбат деп апармайды. Осында да жақыслап шомылуға болады».
Биыл жазда 103 номеріне хабарласқан бірқатар қала тұрғындарының шақыртуына Орынбаев ЖШС-нің дәрігерлері де көмек көрсетуде. Тәуке хан даңғылы бойындағы тұрғындар солардың қарауында. Бүгінде жедел жәрдем қызметіне тәулік бойы 1100-ден астам науқас хабарласуда екен. Ыстық түскелі жүрегі ауыратындар қатары да көбейе түсті, – дейді кардиолог мамандар. Оталық дәрігерлерінде қазір тыным жоқ, әсіресе жансақтау бөліміне түсіп жатқандар көп. Өйткені ауа райындағы өзгеріс жүрегі ауыратын адамдарға жайсыз әсер етеді. Ал аптаптың жағымсыз жақтары көп. Өйткені күн ыстықта адам көп терлейді. Сұйықтықтың сыртқа көп шығуынан қан қоюланады да, ол ишемиялық ауруларды қоздырып, жүрек ақауын асқындыра түседі.
Гүлмира Алипова, облыстың бас кардиологы: «Сенбі күннен бастап, 10 пайызға науқастарымендың саны өсті. Қазір қан қысымы көтеріліп жатқандар да көп.,
40 градустық ыстық бүгін-ертеңмен бітпейді дейд синоптиктер жағы. Айтуынша, шілде түскенше әлі де күн қатты ысиды.
Ольга Иконникова, «Казгидромет» маманы: «ОҚО-да ауа температурасы 33-38 градусты көрсетіп тұр. Ал далалы аймақта күн 41 градусқа дейін ысиды. Жақын күндері осы температура сақталады. Күн 43 градусқа дейін ысуы мүмкін.
Бүгінде субұрқақтар мен өзен жағалаулары аптап ыстықтан қорғанатын орындардың біріне айналған. Судың тазалығына сенім болмаса да, суға бір сүңгіп шығушылардың қатары көп. Қырсық шалғанда, нағыз қажетті уақыт тал түсте қаламызға көрік беріп тұрған субұрқақтар істемей кешке ғана қосылады екен.