«Мерген» тергеу изоляторына қамалды

391

Арыс аудандық соты 23 жастағы тұрғынды қамаққа алуға санкция берді. Оған бұзақылық ниетпен кісі өлтіруге оқталған деген айып тағылуда. ҚР ҚПК -нің 24 бабының 3-ші тармағы мен 99 бабы 2 бөлім, 9-шы тармағымен күдікті деп танылуда.

Өткен дүйсенбі күні Арыс қаласындағы дәмханалардың бірінде жастардың арасында кикілжің туып, арты төбелеске айналған. Жанжал кезінде күдікті травматикалық қарудан оқ атқан. Жәбірленуші ауыр халде ауруханаға жеткізілген. «Мерген» тергеу изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр