Толстой көшесіндегі мазарат көшірілмейді

1005

Жақында Толстой көшесіндегі ескі мазарды басқа жаққа көшіреді деген ақпар желмен есіп, жергілікті тұрғындардың құлағына жеткен. Осындай мазмұндағы хабарламалар шіркеу маңына тарапты. Тіпті біреулер кабірді жаңа орынға қайта жерлеуге өз қызметін ұсынып та үлгеріпті. 

Лидия Исакқызы осы зиратқа ата-анасы, ағасын жер қойнына тапсырған. Толстой көшесіндегі зиратта жерленгендерді Ташкент тасжолы бойындағы жаңа молаға қайта жерлеу қажет деген хабарламаны көріп, не істерін білмей дал болады. Жанұшырып, бір ақиқатын білу үшін біздің арнаға келгенін айтады.

Лидия Исакқызы: «Қайта жерлеу қажет деп жатыр. Бұл не деген сұмдық. Мазараттың орнына демалыс аймағы салынады дейді. Адами қасиеттен жұрдай болғанымыз ба сонда?»

О дүниелік болған туыстарының ендігі топыраққа айналған мүрдесін басқа жаққа ауыстыру керек дегенді ондаған шымкенттік те айтып жүр. Осыған байланысты жерлеу бюросына бір айдың ішінде 6 отбасы келіп, қабірді қайта жерлеуге көмектесуін өтінген. Ал бюродағылар мұнда тұрған ештеңе жоқ дейді.

Валерий Савельев: «Ия рас. Қайта жерлейміз дегендер көбейе бастады. 1 айда 5-6 адам келді. Несіне уайымдайсыңдар? Тек мыңдап келгенде ғана дау көтеруге болады. 9 гектар жерге демалыс орнын салса неғыпты?»

Ал ескі зират көшіріледі деген ақпарды қалалық ТҮКШ бөлімі растаған жоқ.

Ғани Бикеев, ОҚО ТҮКШ қалалық арнайы қызмет бюросының директоры: «Бұл қауесетті пайда көздеп, клиент жинағысы келген фирмалар таратып жүр».